«Оқырман колледж» жобасы және Дүниежүзілік кітап күні аясында студенттер мен оқытушылар «Astana Eurasian Book Fair – 2025» халықаралық кітап көрмесіне барды

 

2025 жылдың 23–27 сәуір аралығында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында өтіп жатқан VIII Халықаралық «Astana Eurasian Book Fair – 2025» кітап көрме-жәрмеңкесіне колледжіміздің студенттері мен оқытушылары «Оқуға құштар колледж» жобасы және 23 сәуір — Дүниежүзілік кітап күні аясында барып қайтты.

Көрмені ұйымдастырушы – 1996 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қазақстандық көпсалалы «Фолиант» баспасы. Биылғы жәрмеңкеге Қазақстаннан және шет елдерден — Ресей, Түркия, Иран, Өзбекстан, Испания, Португалия және Қытайдан 70-тен астам баспа, кітап дүкендері, ғылыми-білім беру және баспа ұйымдары қатысуда.

Көрме аясында студенттер түрлі жанрдағы жаңа кітаптармен танысып, танымал жазушылармен және ақындармен кездесіп, қолтаңба алу сессияларына қатысып, қызықты шеберлік сағаттарында болды. Сонымен қатар, дөңгелек үстелдер мен кәсіби пікірталастар, балаларға арналған шығармашылық алаңдар көрменің мазмұнын байытты.

Бұл шара студенттердің кітапқа деген қызығушылығын арттырып, саналы оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Дүниежүзілік кітап күнімен тұспа-тұс келуі де бұл іс-шараның маңызын арттыра түсті.

Көрмеге бару — колледжіміздегі оқу-тәрбие үрдісіне серпін беріп, жас ұрпақтың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Қамтылуы – 320 студент.

#tarbie_astana2024

#Біртұтас_тәрбие

#акиматастаны

#oquagartu

#dosbollike

#RUMCDO

@bilimastana

@astana_adistemelik_ortalyq

@gani.beisembayev

@oqu_agartu_ministrligi

@akimat__astana

@jenis__kasymbek

@s_kassymkhan

@rumcdo_official

@antikor_astana

@parlament_school_student

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *