СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІМІ
№ | Ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелі | Тәуекел деңгейі | Ұсынылатын шаралар | Орындау нысаны | Орындау мерзімі |
1 | Талапкерлерді таныстық бойынша қабылдау ережелерін бұза отырып қабылдау мүмкіндігі | Орташа | Қабылдау процесін бейнетіркеу, комиссия мүшелерінің жұмысына бақылау жүргізу | Ішкі бақылау актісі, бейнематериалдар | Жыл сайын қабылдау науқаны кезінде |
2 | Техникалық тапсырмаларды нақты бір жеткізушіге арнап дайындау мүмкіндігі | Жоғары | Техникалық тапсырмаларды міндетті түрде тиісті бағытқа жауапты тұлғамен келісу, ірі сатып алуларда тәуелсіз сарапшыларды тарту | Сарапшылардың қорытындылары, ішкі бақылау актілері | Сатып алуларды өткізу кезінде тұрақты түрде |
3 | Оқытушылар тарапынан бағаларды субъективті түрде қою мүмкіндігі | Орташа | Академиялық адалдық мәселелері бойынша студенттерге сауалнама жүргізу | Сауалнама нәтижелері бойынша анықтама, хаттама | Оқу жылы ішінде 2 рет |
4 | Жұмысқа қабылдау кезінде конкурс рәсімдерін елемеу | Жоғары | Жұмысқа қабылдау кезінде міндетті конкурс рәсімдерін өткізу; барлық конкурс кезеңдерінің сақталуын бақылау; ашық комиссия ұйымдастыру | Конкурс өткізу туралы бұйрық, комиссия отырыстарының хаттамалары, конкурс өткізу туралы есеп | Әр қабылдау кезінде тұрақты түрде |
5 | Студенттерге әлеуметтік көмек көрсетуде таныстық не объективті емес критерийлер негізінде көмек көрсету мүмкіндігі | Орташа | Әлеуметтік көмек көрсету үшін нақты және ашық критерийлерді әзірлеу; шешім қабылдау жұмысын міндетті түрде хаттамамен ресімдейтін комиссия құру | Комиссия құру туралы бұйрық, әлеуметтік көмек көрсету туралы ереже, комиссия отырыстарының хаттамалары | Жыл сайын әлеуметтік көмек рәсімдеу кезінде |