2023 жылдың наурыз айында “Педагогикалық идеялар” қалалық байқау-фестивалі өткізілді., Оның өтілу мақсаты, педагогикалық бастаманы қолдау және дамыту, оқытушы тұлғасының әлеуетін ашу, педагог мамандығының беделі пен мәртебесін арттыру, дарынды педагог қызметкерлерді анықтау болды. Бұл байқауда педагогтар үздік инновациялық педагогикалық тәжірибені ұсына алды. Байқау 6 бағыттан тұрды. 17 мамыр күні марапаттау рәсімі өтті. Біздің колледж оқытушылары келесі бағыттарға «Үздік бейнесабақ», «Педагогтің үздік сайты (блогы)», «Үздік сыныптан тыс іс-шара», «Жастық шақ пен тәжірибе: жас педагог және тәлімгер» белсенді түрде қатысып, жүлделі орындарға ие болды. «Үздік бейнесабақ» бағытында Хижинская А.А. 2 дәрежелі дипломмен марапатталды; Жұмабаева С.Т. «Педагогтің үздік сайты (блогы)» бағытында 2 дәрежелі дипломмен марапатталды; «Үздік сыныптан тыс іс-шара» бағытында 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды Абельдинова Д.К., Мусулманкулова М.А.; Усенбаева А. Ж., Жанасова Э.Т. 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!