«Біртұтас» тәрбие» бағдарламасы мен «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы жоспарларын жүзеге асыру аясында Қарттар күні қарсаңында студенттерге ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру мақсатымен «Қарты бардың қазынасы бар» тақырыбымен топтарда тәрбие сағаттары өткізілді.
Негізінен бұл күн – аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және қамқорлық көрсететін ерекше мейірімге толы күн. Еліміз қай кезде де «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» деп, қарттарын қадірлеп, ақсақалын ардақ тұтқан.
Жас ұрпаққа батасымен жол ашқан, жақсыға тілектес, ақылы дария қариялар, баршаңызды Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!