19.09.2024 ж. «Қатты тәртіп көрсе бала күнінде … » тақырыбында екі тілде диалог алаңдары өткізілді. Оған 440 студент қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық қорғалуы және сауаттылық деңгейін арттыру.
Диалог алаңының спикері Астана қаласы Сарыарқа АПБ ЖКБ аға жедел уәкілі полиция капитаны А.Ә. Әуесханов болды.
Іс-шара барысында қатысушылар қылмыстың алдын алудың негізгі стратегияларын белсенді талқылап, сұрақтар қойып, спикермен пікір алмасты. Сондай-ақ, А.Әуесханов тұрмыстық зорлық-зомбылық, кәмелетке толмағандарды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелерін көтерді.
Атаулы іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруда үлкен маңызға ие және жыл бойы жалғасын табатын болады.