20.01.2025 ж. топтарда «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасы аясында «Қауіпсіз интернет» тақырыбында ақпараттық сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында студенттерге интернет кеңістігінде қауіпсіз әрекет ету, деректерді қорғау және киберқылмыстың алдын алу туралы мәліметтер берілді. Интернеттегі жеке ақпаратты қорғау, әлеуметтік желілерде қауіпсіз болу және онлайн алаяқтықтан сақтану жолдары туралы түсініктермен бөлісті.
Іс-шараға қатысушылар цифрлық әлемде қауіпсіз әрекет ету дағдыларын меңгеріп, интернетті пайдалану барысында сақтық шараларын ескерудің маңыздылығын түсінді.