«ҚАУІПСІЗ СТУДЕНТТІК ӨМІРІ – СТУДЕНЧЕСКАЯ ЖИЗНЬ БЕЗ ОПАСНОСТИ»

«ҚАУІПСІЗ СТУДЕНТТІК ӨМІРІ – СТУДЕНЧЕСКАЯ ЖИЗНЬ БЕЗ ОПАСНОСТИ» қалалық онкүндігі аясында Астана қаласы Сарыарқа АПБ ЖКБ аға жедел уәкілі полиция капитаны А.Ә. Әуесхановтың, кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспекторы полиция лейтенанты А. Серікбайдың, «Жас толқын» ЖДО СӨС дәрігері А. Нұрмағамбетовтың және колледж әкімшілігінің қатысуымен «Жасөспірімдер үшін қауіпсіз орта» тақырыбында семинар-консультация өткізілді.

Іс-шараның мақсаты білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.

Семинар-консультация барысында нашақорлықтың, маскүнемдіктің, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, Жолдағы қауіпсіздік, балалар еңбегін пайдалану, жыныстық қол сұғушылықтан құқықтық қорғау мәселелері қаралды.

Іс-шараға қатысушыларға мамандар қауіпті және төтенше жағдайлар туындаған кезде қарастырылған тақырыптар мен іс-қимыл алгоритмі бойынша ұсыныстар берді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *