«Қазақ спортының қаһармандары» атты танымдық сағат

2025 жылдың 8 сәуірінде колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Қазақ спортының қаһармандары» атты танымдық іс-шара өтті.

Іс-шара барысында әр студент белгілі бір спорт түрі бойынша тың әрі қызықты мәліметтермен бөлісіп, қазақ спортының даңқты тұлғалары жайлы әңгімеледі. Спорт жүйесінің дамуы, жеңістің маңызы, спортшылардың ерлігі мен табандылығы туралы мазмұнды ақпараттар ұсынылды.

Жастар – қай заманда болмасын үміттің, арманның және намыстың символы. Олардың биікке ұмтылысы мен ізденісі жаңа идеялардың өмірге келуіне жол ашады.
Іс-шара өте әсерлі, тәрбиелік мәні жоғары форматта өтті. Студенттер белсенділік танытып, спортқа деген қызығушылықтары мен патриоттық сезімдерін көрсетті.

Қамтылуы – 31 студент.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *