2024 жылдың 17 сәуірінде кітапхана меңгерушісі Д.А.Сураганова «Қазақстанның экологиясы» тақырыбында кітапхана сабағын өткізді.Бүгінгі әлем көптеген экологиялық проблемалармен, жаһандық жылынумен, ауа мен судың ластануымен, жануарлар мен өсімдіктердің жойылуымен бетпе-бет келіп отыр.Осы құбылыстардың барлығы Жер планетасының жағдайына жауапкершілікті өз мойнымызға алуымыз керектігін еске салады.
Сабақ барысында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 06 сәуірінде жарияланған үндеуі көрсетілді.Өйткені су тасқыны бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі болып отыр.
ОПП-23к тобының студенті Алмарданов Н. «Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарындағы экологиялық апатты өз көзімізбен көріп отырмыз, су тасқыны қаншама шығын әкелді. Әсіресе, жылдар бойы мал шаруашылығымен айналысып келе жатқан ауылдық жерлерге қиындық түсуде» деп сөзін аяқтады.