Колледждің қорытынды педагогикалық кеңесі Астана қаласы білім басқармасының ТжКБ бөлімі басшысының қатысуымен дәстүрлі емес форматта іскерлік ойын түрінде өтті. Онда педагогикалық ұжымның міндеттерді орындау дәрежесі, алдағы қызметтің мәселелері мен перспективалары талқыланды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижесі қаралып, қорытынды аттестаттау төрағаларының есептері, қабылдау комиссиясының жұмыс барысы туралы ақпарат тыңдалды.