19 сәуірде колледжде 15 сәуірде тойланатын ғашықтар күні аясында Әдеби сот форматында жас жігіт пен қыздың керемет махаббат хикаясы «Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу» эпопеясының кейіпкерлері, 13-14 ғасырлардағы қазақ эпосының қаһармандары Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлуға арналған іс-шара өткізілді.
Студент Дүйсеков Алдияр поэма туралы: «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» шығармалары қазақ «Ромео мен Джульетта» деп аталып, әлемдік поэзияның жауһарларына лайықты бағаланады, ұлттық салт-дәстүрді қастерлеуге, ата-баба әдет-ғұрпын қадірлеуге осындай іс-шараларда үйренеміз және әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер ұрпақтар арасындағы «уақыт байламы» екенін есте сақтаймыз» – деп сөзін аяқтады.
Әдеби соттың өткізілу мақсаты: ер мен әйелдің сүйіспеншілігін көтеретін сезім ретіндегі түсініктерді қалыптастыру.
Міндеттері:
– адамға деген алғашқы сүйіспеншіліктің, махаббаттың берік отбасылық қарым-қатынастың негізі ретіндегі мәнін ашу;
– тұлғалық өсуге деген ұмтылысты дамыту;
– сезім мәдениетін тәрбиелеу.
Махаббат – әлемдегі ең асыл және ең кіршіксіз сезім. Қалқаман-Мамыр, Ләйлі-Мәжнүн, Қыз Жібек пен Төлеген, Қозы Көрпеш-Баян сұлу сынды ұрпақ тәрбиесіне ерекше әсер еткен талай ғашықтар бейнесі бізге махаббат пен адалдық сыйлайды.