«Қылмыс пен жаза»

25 сәуірде колледж кітапханасында Ф. М. Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза» романы бойынша қызықты пікірталас өтті. Шара кітапхананың оқу залында ұйымдастырылды. Студенттер шығармадағы психологиялық және әлеуметтік мәселелерді талқылап, Достоевский өмір сүрген кезең мен қазіргі заман арасындағы ұқсастықтарды атап өтті.

Әсіресе Родион Раскольников, Софья Мармеладова және басқа да кейіпкерлердің мінез-құлқына назар аударылды — пікірталас әсерлі, терең және шынайы өтті. Студенттер тек оқиғаны талдап қана қоймай, кейіпкерлердің образына еніп, оларды тірі адамдай сипаттап, өз ойларымен бөлісті.

Қамтылған студенттер саны- 27

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *