2024 жылдың 15 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенттік орталығымен бірлесе отырып, колледж студенттеріне арналған «Ұлттық валюта — Теңге: Тарихы, мәні, болашағы» атты тарихи танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — студенттерге Қазақстанның ұлттық валютасы — теңгенің тарихы, оның енгізілуі, экономикалық маңызы және еліміздің дамуындағы рөлі туралы терең түсінік беру болды. Сабақ барысында теңгенің тарихы мен оның еліміздегі маңызды экономикалық оқиғаларға әсері кеңінен талқыланды. Студенттерге 1993 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының енгізілуі, оның еліміздің тәуелсіздігін нығайтудағы маңызы, сондай-ақ теңгенің әлемдік қаржы нарығындағы орны туралы маңызды мәліметтер ұсынылды.
Сондай-ақ, ұлттық валюта мен Қазақстанның қаржы жүйесінің дамуындағы негізгі кезеңдер мен экономикалық реформалар жайлы айтылды. Студенттерге теңгенің енгізілуімен байланысты тарихи оқиғалар, оның бүгінгі күнде мемлекеттің экономикасына әсері мен болашағы туралы ақпараттар берілді.
Іс-шараның соңында студенттер теңгенің экономикалық болашағы мен еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдары туралы өз пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойды. Бұл шара студенттердің тарихи санасын қалыптастырып, еліміздің экономикалық дамуы туралы білімдерін кеңейтті.
Қамтылған студенттер саны: 28