Ұрпақтар сабақтастығы – Тәуелсіз елдің белгісі

29.09.2025 ж. Халықаралық қарттар күніне орай «Ұрпақтар сабақтастығы – Тәуелсіз елдің белгісі» тақырыбында студенттермен кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қарттарға құрмет көрсету, олардың қоғамдағы рөлі мен орны туралы түсінік қалыптастыру, ұрпақтар арасындағы байланысты дәріптеу.

Кураторлық сағат барысында студенттер қарт адамдардың өмірлік тәжірибесінің маңыздылығы жайлы пікір алмасты. Қарттар күніне байланысты тарихи мәліметтер мен танымдық видеоматериалдар көрсетілді. Студенттер тақырыпқа байланысты өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, топтық пікірталас ұйымдастырды.

Кураторлар студенттерді ата-әжелерін қадірлеуге, қамқор болуға шақырды. Бұл кураторлық сағат жастардың адамгершілік құндылықтарын нығайтуға септігін тигізді.

Қамтылуы – 509 студент.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *