11 желтоқсан күні колледжіміздің кітапханасында қазақтың әйглі кескіндемешісі, график-суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арналған шығармашылық сағат өтті.
СПФ-24р тобының студенттері Канафина Сабина мен Черепкова Виолетта қызықты баяндама жасап, шебердің өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді. Әбілхан Қастеев бала кезінен анасының қолөнер бұйымдарын жасағанын көріп, шабыт алған. Ол кілемдер, ою-өрнектер мен әшекейлер арқылы ұлттық өнерді бойына сіңірген. Әбілхан Қастеев Қазақстан табиғатының сұлулығын өзінің туындыларында бейнелеп, оның қайталанбас ерекшелігін көрсете білді.
Іс-шараға — ТОт-24р тобының студенттері суретшінің өнері мен мәдени мұраны сақтаудың маңыздылығы жайлы қызу талқылады.
Өнер шабыт сыйлайды!