31 қаңтар колледжі кітапханасында «Кітапқұмар» клуб мүшелері Телжан Шонановтың туғанына 130 жыл толуына орай, өмірі мен шығармашылығын насихаттауға бағытталған тақырыптық сағатын өткізді.
Тақырыптық сағаттың мақсаты: Телжан Шонановтың мұрасын дәріптеу, оқырмандарға ұлттық құндылықтарды сіңіру, кітап оқуға, білім алуға ынталандыру, ұлт зиялыларының еңбегін бағалау.
Телжан Шонанов (1894-1938) – көрнекті қазақ ағартушысы, қоғам қайраткері, ұлттық интеллигенцияның өкілі.
Ол Қазақстанда білім беру ісінің дамуына зор үлес қосқан, қазақ тілі мен мәдениетін насихаттауға белсене қатысқан.
Қатысушылар: ТОМ-24К тобы.