Колледж Әдістемелік орталықпен бірлесіп, аттестациядан өтетін оқытушылардың ашық сабақтарын ұйымдастырды. Өндірістік оқыту шебері Голубева С.С. «Киш тоқаштарын дайындау», Байгабылова Г.Е., Шакиева Н.А. «Тәтті тағамдар дайындау технологиясы» тақырыбыптарында сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – тапсырмаға сай әзірлеуге үйрету, кәсіби біліктілігі бар, өндірістің ғылыми негіздерін терең де берік меңгерген, заманауи техника-экономикалық ой-өрісі бар саналы, жоғары білімді білікті жұмысшыларды дайындау.