19.11.2025 ж. «Өмірге салауатты қадам» жобасы аясында ВИЧ-инфекцияның профилактикасы, репродуктивті денсаулық және ерте жүктіліктің алдын алу тақырыптарында ақпараттық-профилактикалық лекция ұйымдастырылды.
Іс-шараны «Жас Толқын» ЖДО мамандары өткізді. Лекция барысында студенттер:
- ВИЧ-инфекцияның жұғу жолдары мен алдын алу тәсілдері;
- қауіпсіз мінез-құлық қағидалары;
- жасөспірім ағзасындағы физиологиялық өзгерістер;
- менструалдық цикл және жеке гигиена;
- ерте жүктіліктің алдын алу және контрацепция әдістері;
- денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңызы
туралы жан-жақты ақпарат алды.
Сонымен қатар қатысушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (ОСМС) жүйесі және студенттердің статусы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қамтылуы – 70 адам.
