ӨЗАРА ҚОНАҚ САБАҒЫ

Өзара қонақ сабақтары педагогикалық біліктілікті арттырудың “қонақ технологияларының” түрі болып саналады. Өзара қонақ сабағының мақсаты-педагогтардың кәсіби қарым-қатынасы және тәжірибе алмасуын кеңейту. Оқытушылардың  арасында білім алмасу олардың әрқайсысының тиімділігін арттырады. Оқу орны  өнімдірек және табысты болады.   

          2023 жылдың 2 маусымында қалалық деңгейде тәжірибе алмасу аясында «Өндірістік оқыту сабақтарында заманауи құрал-жабдықтарды пайдалану» тақырыбында семинар-практикум  өтті.  Тәжірибе алмасу аясында Сервис және туризм колледжі мен Кәсіптік – техникалық колледж оқытушылары өзара қонақ сабағын өткізді. 1 курс студенттерімен оқытушы Хисаа Е. «Автомобильге компьютерлік  диагностика жасау және ақауларды анықтау оны жою» тақырыбында зертханалық-тәжірибелік сабақ, өндірістік оқыту шеберлері Нечитайлов К.А., Садвакасов Е.А., Ахметов Қ.О. «Электронды бағдарламаны қолдану арқылы автомобильдың диагностикасы» тақырыбында шебер-сынып өткізді. 

Сабақтар жоғары интеллектуалды деңгейде өтті. Әр түрлі әдістермен студенттердің ізденушілік қызметін ынталандырып отырды. Өзара қонақ сабақтары екі колледждің оқытушыларының әдістемелік қызығушылығын оятты. Оқытушыларға шығармашылық  табыс тілейміз!

https://cloud.mail.ru/public/vdEP/J9QyBZuNE

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *