15-мамыр – Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында колледжде Астана қаласы әкімдігінің “Жанұя”

15-мамыр – Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында колледжде Астана қаласы әкімдігінің “Жанұя” отбасы институтын қолдау орталығы” КММ-мен бірлесіп өткізілген “Менің бақытты отбасым” тақырыбындағы бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқаудың мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуындағы отбасының рөлін күшейту, ата-аналардың бала тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттыру.

Қорытындылау үшін бөлім меңгерушілері, “Жанұя” отбасы институтын қолдау орталығының және колледждің әлеуметтік-психологиялық қызметінің өкілдерінен қазылар алқасы құрылды.

Қазылар алқасының шешімімен бірінші құрметті орын                             Ұ. Серікбайдың отбасына берілді.

Байқауда екінші орынды ОПп-22 р тобы және үшінші орынды Ивановтар отбасы жеңімпаз атанды. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *