11 желтоқсанда Сервис және туризм колледжінде «Біз – тәуелсіз елдің ұрпағымыз» тақырыбында іс-шаралар өткізілді. Бұл шараның мақсаты – қатысушылардың тәуелсіздікке байланысты тарихи оқиғалар туралы білімдерін тексеру, сондай-ақ іс-шараның тәрбиелік құрамдас бөлігін қолдау болып табылады. Кітапхана қызметкерлері егемен Қазақстанның құрылуы мен нығаюы, тұңғыш Президентіміздің Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасуына қосқан үлесі туралы айтты. Студенттер еліміздің тарихындағы маңызды сәттерді, Қазақстан Республикасының экономикалық және саяси жетістіктерін баяндайтын «Жүректегі Тәуелсіздік» деректі фильмін тамашалады. «Өз еліңнің патриоты» атты викториналық ойында студентер халықтың тарихын, салт-дәстүрін жақсы білетіндіктерін көрсетті, Қазақстан туралы өлеңдер оқыды. Оң әсер қалдырды және мәдени мұраны сақтау мен жеткізудің маңыздылығын атап өтті.