28.11.2025 ж. «Шабыт» жобасы аясында колледж студенттеріне «Синтез» ізденіс-эксперименталды театрының Абай Құнанбайұлының кемеңгер ойларын насихаттауға арналған «45» атты ғибратты аллегориялық драмасы жоғары деңгейде ұсынылды.
Қойылым барысында Абайдың 45 қара сөзінен алынған адамдық, парасат, еңбек, тәрбиелік құндылықтарға қатысты терең философиялық ойлар бүгінгі заманның тілімен үйлесімді түрде жеткізілді.
Заманауи сахналық тәсілдер мен актерлік шеберлік көрерменге әсерлі эмоция сыйлап, ойлануға, өзіндік қорытынды жасауға жетеледі.
Студенттер қазақ ойының шыңы саналатын Абай даналығын жаңа қырынан танып, рухани дүниесін байытатын әсер алды. Қойылым мазмұны жастардың санасына адамгершілік, жауапкершілік және ойлы болудың маңызын терең ұялатты.
«45» драмасы – жастарды рухани жетілдіруге бағытталған маңызды мәдени жоба.
Қамтылуы – 78 студент
#Абай45
#ШабытЖобасы
#СинтезТеатры
#АбайДаналығы
#РуханиСерпін
#КолледжӨмірі
