2025 жылғы 19 мамырда колледждің кітапханасында ЛД-24к тобының қатысуымен «8 минут оқу» жобасы аясында шабыттандыратын іс-шара өтті.
Мақсаты – балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, дүниетанымын кеңейту үнемі кітап оқуды дамыту, кітап оқу дағдысы қалыптастыру.
ЛД-24к тобының оқыған кітаптары Фариза Оңғарсынованың «Дауa» шығармасы болды. Студенттер оқыған туындыдан алған әсерлерімен қызыға бөлісті: кейіпкерлерді талқылап, пікір алмасты, пікірталас жүргізіп, бір-біріне сұрақтар қойды.
«8 минут оқу» жобасы оқуға, ойлануға және мазмұнды пікірталастарға шабыт беруді жалғастыруда.
Қамтылған студенттер саны-21