8 минут оқу «Сүй жан сәулем»

4 қараша күні «8 минут оқу» жобасы аясында  аса көрнекті лирик, сыршыл ақындардың бірегейі, прозашы, публицист, ағартушы–педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаевтың «Сүй жан сәулем» шығармасына арналған кездесу өтті.

Жобаны О-25к тобы жүзеге асырып, шын мәнінде әсерлі де шабыттандыратын шара ұйымдастырды.

Қатысушылар тек шығарманың терең мағынасын ашып қана қоймай, сонымен қатар еркіндік пен халық рухының жыршысы, сөз зергері – Мағжан Жұмабаевтың тұлғасымен де таныстырды. Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері сыршыл лирикаға толы. Ғашығына «Сүй, жан сәулем» деп ыстық сезімін білдірген айтулы тұлғаның әр өлеңіне таңданыспен қарайтынымыз шындық.

8 минуттық оқу әдебиет әлеміне саяхат жарқын, әсерлі және креативті өтті – көрермендер шабыттанып, ұлы ақынның шығармашылығына жаңа көзқараспен қарады.

Қамтылуы – 25 студент.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *