12.12.2025 ж. «8 минут оқу» жобасы аясында О-25к тобы Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» шығармасына дискуссия өтті. Іс-шара барысында қатысушылар шығармадағы негізгі ойды, табиғат пен адам арасындағы қайшылықты, сондай-ақ Көксерек бейнесінің көркемдік маңызын талқылады.
Дискуссия барысында студенттер шығарма желісі бойынша түсірілген фильм туралы да сөз қозғап, кино нұсқа мен әдеби мәтіннің айырмашылықтарын салыстырды. Киноның шығарманың атмосферасын қаншалықты бере алғаны, кейіпкерлердің бейнесі мен оқиғалардың көрінісі жөнінде өз пікірлерін ортаға салды.
Студенттер белсенділік танытып, өз көзқарастарын білдіріп, пікір алмасуға жоғары деңгейде қатысты.
Қамтылуы-18 студент.
