«8 минут оқу» жобасы аясында орыс жазушысы И.А.Гончаровтың «Обломов» шығармасына танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – орыс жазушысы И.А.Гончаровтың шығармашылығын насихаттау, «Обломов» романының идеялық мазмұнын талдау арқылы оқушылардың әдеби көркем шығармаға деген қызығушылығын арттыру, кейіпкерлердің мінез-құлық ерекшелігін саралай алу және өмірмен байланыстыра білу дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушыларға жазушының өмірбаяны мен шығармашылық жолы туралы мәлімет берілді. Романдағы негізгі кейіпкерлер – Обломов, Штольц және Ольга образы жан-жақты талқыланды. Шығармадан үзінді оқылып, көркем бейнелердің бір-біріне қарама-қарсы сипаттары ашылды. Оқушылар «Обломовтық» өмір салтының адам дамуына әсері туралы пікір талас өткізді.
Іс-шара оқушылардың әдеби-көркем дүниетанымын кеңейтіп, шығарманы тереңірек түсінуге, кейіпкерлерді өмірмен салыстыру арқылы ойлау және талдау қабілетін дамытуға ықпал етті.
Қамтылуы – 36 студент.
