8 минут оқу жобасы аясында ОПп-25к тобы жазушы, әзіл-сықақтың хас шебері, аудармашы Сәлімжан Еркебаевтың «Менің Қожанәсірім келді де…» атты шығармасын оқып, осы туындыға байланысты пікірталас өткізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың көркем шығарма мазмұнын түсінуін арттыру, кейіпкерлердің әрекеттеріне баға бере отырып, өз ойларын еркін жеткізуге баулу, сондай-ақ оқуға деген қызығушылықты дамыту болды.
Пікірталас барысында студенттер шығармадағы негізгі идея, жазушы көтерген мәселелер, Қожанәсір бейнесінің ерекшелігі және оның қазіргі өмірмен байланысы жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар қатысушылар шығарманың тәрбиелік мәнін, юморлық сипатын және автордың жеткізу тәсілдерін талқылады.
Іс-шара белсенді, мазмұнды өтті. Студенттер өзара пікір алмасып, бір-бірінің көзқарасын тыңдап, шығармадан алған әсерлерімен бөлісе алды. Пікірталас оқу мәдениетін қалыптастыруға және әдеби талдау дағдыларын жетілдіруге ықпал етті.
Қамтылуы – 33 студент.
