2025 жылдың 20 мамырында колледж кітапханасының оқу залында «8 минуттық оқу» жобасы аясында Агата Кристидің шығармашылығына арналған дискуссия өтті. Кездесу тақырыбы жазушының Хэллоуин кешінде өрбитін шығармасына арналды.
Іс-шараны ОП-24к тобының студенттері ұйымдастырды. Шараның атмосферасы өте әсерлі әрі шабыттандырарлық болды: қатысушылар шығарма туралы өз ойларымен және әсерлерімен шынайы қызығушылықпен бөлісті. Әрқайсысы кейіпкерлерді көркем әрі нақты сипаттап, олардың мінезі мен ерекшеліктерін ашып көрсетті.
Бұл роман Агата Кристидің кейінгі жылдары жазған еңбектерінің бірі. Онда қоғамдағы құндылықтардың өзгерісі, балалардың қауіпсіздігі, адамдардың енжарлығы сияқты терең мәселелер көтеріледі.Романда қорқынышты атмосфера мен балалар кешінің контрастындағы қатыгездік ерекше әсер қалдырады.
Қатыстан студенттер саны-23