17.09.2024 ж. елордалық «Жастар» сарайында «Ағалар ерлігі-ұрпаққа ұлағат!» әскери-патриоттық акциясы өтіп, колледжіміздің «Жас сарбаз» тобының студенттері қатысты.
Салтанатты жағдайда күзгі әскерге шақырылушылар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жауынгерлерінің қатарына қабылданды.
Іс-шараның мақсаты-әскери қызметтің оң беделін одан әрі арттыру және жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу.
Сондай-ақ, студенттер әскери техника, қару-жарақ және киім үлгілері көрмесіне қатысты.
Қамтылған студенттер саны – 30
