А. И. Куприннің «Гранат білезік» повесіне шолу өтті

15.12.2025 ж. колледжінің кітапханасында «8 минут» жобасы аясында А. И. Куприннің «Гранат білезік» повесіне шолу өтті.

Іс-шара өте мазмұнды әрі қызықты өтті. Студенттер талқылауға белсене қатысып, шығарма кейіпкерлері туралы әңгімеледі, сұрақтар қойды, оқыған туынды жөнінде өз әсерлері мен ой-пікірлерімен бөлісті.

Әрбір қатысушы кітаптың өзіне терең әсер еткенін, махаббат пен шынайы сезім тақырыбы арқылы жүректеріне жол тапқанын атап өтті. Повесть студенттердің назарын толықтай аударып, ерекше эмоционалдық әсер қалдырды. Шолу барысында жастар шығарманың мән-мағынасын тыңдаушыларға жеткізіп, оқылған кітаптың атмосферасы мен құндылығын көрсете білді.

Қамтылуы – 27студент.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *