08.12.2025 ж. Колледжде педагогикалық ұжымға арналған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын тәрбие үдерісі мен пән мазмұнына ендіру» семинар-практикумы өтті. Іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері Күнүмбала Баяхметбаева мен Жәнібек Қуанышбеков қатысып, адалдық, азаматтық жауапкершілік, тұлғалық даму сияқты құндылықтарды білім беру процесіне енгізудің тиімді жолдарын түсіндірді.
Екі бөлімнен тұрған іс-шараның бірінші бөлімінде «Адал азамат» бағдарламасының мазмұны мен құндылықтарын оқу-тәрбие жұмысына кіріктірудің әдістері мен тәжірибелері ұсынылды. Екінші бөлімінде педагогтар топпен жұмыс жасап, ата-ана–колледж ынтымақтастығын нығайту, куратордың азаматтық тәрбиедегі рөлі, кураторлық сағаттарға интерактивті әдістер енгізу және «адалдық» қағидаттарына негізделген әлеуметтік жобалар әзірлеу бойынша қысқаша практикалық тапсырмаларды орындады.
Семинар-практикум педагогтардың құндылықтық білім берудегі кәсіби құзыреттілігін арттыруға және «Адал азамат» бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға бағытталған нәтижелі тәжірибе алаңы болды.
Қамтылуы – 40 адам.
