11.12.2024 ж. «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Адалдық – адамгершілік белгісі» тақырыбымен дебат ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастарға адалдықтың маңыздылығын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске деген ұстанымдарын қалыптастыру және оларды қоғамдағы әділеттілікке баулу болды. Қатысушылар адалдықтың қоғам үшін маңыздылығын және сыбайлас жемқорлықтың теріс әсерін талқылады. Олар әртүрлі көзқарастарды ортаға салып, адалдық принциптерін өмірде қолданудың жолдарын қарастырды.
Іс-шара барысында сарапшылар мен ұйымдастырушылар да сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлықпен күресудің тәсілдері мен тиімді жолдары туралы ақпарат берді. Мұндай дебаттар жастарды ойлау қабілетін дамытуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді позиция ұстануға ынталандырады. Бұл шара қатысушыларға қоғамдағы жауапкершілік пен әділдіктің маңыздылығын тереңірек ұғынуға мүмкіндік берді.
Қамтылған студенттер саны – 24.