28 ақпан күні 1-курс студенттері арасында жас ұрпақтың жүрегінде өмірге, ата – анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Адамзаттың асылы – Ана деген құдірет» атты мәнерлеп оқу байқауы екі тілде, яғни қазақ және орыс тілінде өткізілді. Қатысушылар «Ана» тақырыбындағы өлеңдерді жатқа оқыды.
Байқау жеңімпаздары ОП1-22к тобының студенті Зиябек Арай 1-орын, ОП1-22р тобының студенті Курач Илья 2-орын және ОП1-22к тобының студенті Орынтаева Айханым 3-орынды иеленді.