«Ана –өмірдің бастауы» атты кеші

Студенттерді анаға, нәзікжандыларға деген мейірімділікке, сый-құрмет байли отырып, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру мақсатында 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Ана – өмірдің бастауы»  тақырыбында мерекелік концерт өтті. Кеш Мұқағали Мақатаевтың жүрек тебірентер «Ана» атты өлеңінен басталып, жүргізушілер бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекелерімен құттықтады. Өлеңдер оқылып, ұлттық және заманауи билер биленіп, ән шырқалды. Кеш соңында ұлдар қауымының жүрекжарды тілектері өлең шумақтары арқылы жүрекке жылы лебіз болып жетті.

Сондай-ақ, 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні тақырыбында колледжде «Анамның күлкісі» тақырыбында фотокөрме ұйымдастырылып, топ жетекшілері «Бәрі де, анашым, бір өзіңнен басталады!» тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттарын өткізді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *