12.12.2025 ж. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Астана қаласы Сарыарқа ауданы ІІБ қызметкерлері Алмағанбетова А.Ж., Каденов Ж.Б., Ахыбаев Д.А. студенттерге «Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу» тақырыбында профилактикалық дәріс жүргізді.
Кездесу барысында келесі мәселелер қарастырылды:
– жасөспірімдердің әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі;
– құқықбұзушылықтың, киберқылмыстың және буллингтің алдын алу;
– жеке қауіпсіздік ережелері мен қоғамдық тәртіп нормалары;
– пиротехниканы қолдану кезіндегі қауіпсіздік техникасы талаптары.
Дәріс құқықбұзушылықтың алдын алу және білім алушылардың құқықтық санасын нығайту мақсатында өткізілді.
Қамтылуы – 450 студент.
