30.04.2025 ж. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысуымен жастар мен ардагерлер арасында ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында «Ұлт бірлігі – ұлы құндылық» ұрпақтар сабақтастығы сағаты өткізілді.
Қатысушылар ұлт бірлігі мен татулығын, сонымен қатар мәдени мұра мен дәстүрлерді сақтау тақырыбында сәндік дефилелер, вокалдық топтардың өнері, ұлттық би мен музыкалық композициялар орындалды.
«Шапан шоу» және Мадам Айсулудың «Күн шуағы» коллекциясы, «Замандастар» вокалдық тобының орындауындағы «Есіл ағады», «Радуйся» әндері көпшілікке ерекше әсер қалдырды.
Іс-шара соңында колледж студенттері орындаған ұлттық би – «Қара жорға» биі көпшілікті бірлік пен рухтың биік үлгісіне тағы бір мәрте куә етті
Қамтылуы – 220 студент.