27.11.2024 ж. Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасына қарасты Президенттік орталығында «ҚР Президенттік орталығының цифрлық дәуірдегі архив және кітапхана қорлары» атты семинар өтті.
Бұл шараға Астана қаласындағы елордалық «Сервис және туризм колледжінің» оқытушысы, студенттері және кітапхана қызметкерлері қатысты. Барлығы 40-ға жуық адам болды.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметі таныстырылды, сондай-ақ осы ұйымның архив және кітапхана қорларының электронды ресурстарының жұмысымен таныстыру, «Жаңа Кітап – Жаңа сыр» атты ресми іс-шаралар аясында мемлекет басшыларының Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаевқа сыйға тартқан жаңа басылымдарына арналған көрмесі көрсетілді.
Кездесудің қорытындысы бойынша іс-шараға қатысушыларға ҚР ПІБ Президенттік орталығының музейіне экскурсия ұйымдастырылды.
Барлығы қатысқан – 40 студент.