Астана қаласында 101 жасқа келген ардагерді Жеңіс күнімен құттықтады!

02.04.2025 ж. Ұлы Отан соғысында от пен оққа кеудесін тосқан аталарымыздың ерлігіне тағзым ету – біздің қасиетті парызымыз. Ал жеңісті сыйлаған батырмен жүздесу, майдангердің көзін көру – бүгінгі ұрпақ үшін тарихпен тікелей қауышу.

Осы мақсатта колледж әкімшілігі мен «Жас сарбаз» ұйымының мүшелері Ұлы Отан соғысы ардагері Рзағұл Байкешевтің үйіне барып, оны құттықтап, құрмет көрсетті. 1923 жылы Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданында дүниеге келген ардагер биыл 102 жасқа толмақ.

Жеңіс жолында жан аямай шайқасқан майдангер Польша, Румыния және Венгрия арқылы соғыс жолдарын жүріп өтіп, елге ефрейтор шенімен оралған. Соғыстағы негізгі ұрыстардың уақыты мен өткен жерлері әлі күнге дейін есінде. Бүгінде ардагердің кеудесін ордендер мен медальдар айшықтайды. Ол І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Берлинді азат еткені үшін», «Маршал Г.К. Жуков» медалімен және бірқатар мерейтойлық марапаттармен марапатталған.

Колледж әкімшілігі ардагерге өшпес ерлігі, бейбітшілік пен тұрақтылық жолындағы қажырлы күресі үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, колледж білім алушылары дайындаған тәтті-дәм мен гүл шоғын тарту етіп, майдангермен жылы әңгіме өрбітті. Өз кезегінде соғыс ардагері жастарға ақ батасын беріп, елімізге бейбітшілік пен амандық тіледі

Қамтылуы – 3 студент

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *