2024 жылдың 10 қаңтарында Сервис және туризм колледжінде ата-аналарға арналған онлайн семинар-тренинг өтті, оған 82 ата-ана қатысты.
Семинар барысында «Білім берудегі медиация», «Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алудағы колледждің, отбасы мен қоғамның өзара іс-қимылы», «Жасөспірім, құқық бұзушылық, жауапкершілік», «Білім беру ортасындағы буллинг» мәселелері қаралды.
Бұл семинардың мақсаты-жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының алдын алу, ата-аналармен ағартушылық жұмыс жүргізу.
Семинар сұрақтары бойынша халықаралық Медиация орталығы РҚБ вице-президенті Ғалия Асембекқызы Кужумбетова, “Құқық” ҚҚ психологы Нұрғали Аружан, Балаларды қолдау орталығының психологы Ботагөз Әскербекқызы Суюндыкова, кәмелетке толмаған істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Аян Қайратұлы Серікбай, Сервис және туризм колледжінің психологы Динара Серікқызы Ахметова сөз сөйледі.
Ата-аналар мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, семинар мен талқылауға белсенді қатысты.
Семинар соңында келесі ұсыныстар берілді:
1. Жоспарға сәйкес семинарлар мен тренингтер өткізуді жалғастыру;
2. Студенттердің ата аналарына ақпарат назарға алынсын;
3. Жасөспірімдермен профилактикалық жұмыстарды тұрақты негізде жүргізуді жалғастыру, бақылауды күшейту;
4. Студенттердің ата-аналарына ақпарат назарға алынсын.