29.11.2024 ж. күні өткен жалпы ата-аналар жиналысына 86 ата-ана қатысып, бірнеше маңызды мәселелер талқыланды. Алғашқы баяндамашы, учаскелік инспектор Н. Айтжанов, әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша ақпарат беріп, олардың салдары жөнінде айтты. Педагог-психолог Ахметов Д.К. дағдарыс жағдайларында дұрыс әрекет ету тәсілдері туралы айтты, ал Әбіқұл Әсел жасөспірімдермен ата-аналардың қарым-қатынас мәдениеті жөнінде кеңес берді. Жиналыс соңында ата-аналарға практикалық кеңестер айтылды. Қаулы бойынша ата-аналар балаларымен әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндіру жұмысын жүргізуге міндеттелді.
