Ата-аналарға

БАЛАЛАРДЫҢ СУИЦИДТІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АТА-АНАЛАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Балалар суицидінің алдын алуда жабығудың алдын алу маңызды. Ата- аналар балалардың жабығуының алдын алуда үлкен рөл атқарады.

Егер жасөспірімнің көңіл-күйі күрт құлазыса немесе жабығудың басқа да белгілері байқалса, төмендегі шараларды орындау қажет:

Баламен сөйлесу қажет, көңіл-күйінің неліктен түсіңкі болу себебін анықтау үшін сұрақтар қойып, оның арман-тілектері жайында сөз қозғап, болашаққа жоспар құруға бағыттайтын әңгімелерге жетелеу қажет. Балаға оптимистік серпін беріп, жарқын болашаққа «сендіру», алдына қойған мақсаттарына қол жеткізе алатынына қабілетті екеніне жүрегіне сенімділік отын қондыруға барынша әрекет жасау қажет. Оның «өкпелегіштігін», «күңкілдектігін» кінәламай, керісінше, оның тұлғасындағы жақсы жақтарын көрсетуге тырысу керек. Оны табысты, ақкөңіл, кішіпейіл және сергек балалармен салыстыруға болмайды, себебі бұл онсыз да төмен бағалауын тереңдетіп жібереді.

Баланы бұрын соңды жасамаған жаңа іспен айналысуға тарту қажет. Мәселен, жаттығу залына жазылу, таңертеңгі гимнастика жасауды әдетке айналдыру, басқа жақтарға серуендер жасау, демалыс күндері қызықты экскурсияға шығу, үй шаруасын орындаудың жаңа тәсілдерін ойлап табу, кинотеатрға, көрмеге бару, үйді жинастыру. Атасы мен әжесіне, туыс- туғандарға қонаққа, ауылға бару, дала жұмыстырына көмектесу. Сонымен қатар, ит, мысық, алақоржын, тотықұс, балық сияқты жануарларды қолға үйрету, оларға қамқорлық жасау. Қорғансыз үй жануарына қамқорлық жасау баланы іске жұмылдыртып, позитивті күйге шақырады.

Жеткіншек күн тәртібін сақтауы қажет. Оның жақсы, мезгілімен демалуын, дұрыс тамақтануын, таза ауада жеткілікті уақыт өткізуін, спорттың қандай да бір түрімен айналысуын қадағалау қажет. Жабығу (депрессия – мұңаю, сарыуайымға салыну) – психофизиологиялық жағдай. Осы кезеңде жасөспірімнің дене дамуы жағдайын демеп отыру қалыпты жағдайға айналғаны абзал.

Психолог, психотерапевт мамандар, кризистік психологиялық көмек көрсету орталықтарындағы сенім телефондарында жұмыс жасайтын және т.б. қызметкерлер көмегіне жүгінуге болады.

Балалардың суицидті мінез-құлқының алдын алуда Ресей педагогтері А. Г. Амбрумова мен Е. М. Вроно дайындаған ұсыныстарды пайдалануға болады, себебі қазіргі жастар өздерінің қылығы жағынан, проблемаларын шешуде, қиын сауалдарға жауап іздеуде ұқсас.

СУИЦИД СЫРЫН АШУДЫҢ АМАЛДАРЫН ТАБЫҢЫЗ

Суицидтік мәселе қамқорлық жасау мен достарымен араласудан ғана емес, сонымен қатар орын алуы мүмкін қауіптің белгілерін айқындауға қабілетінен тұрады. Сіздің Мәселенің қағидаларын білу, суицид туралы хабардар болуыңыз, ол туралы көп ақпаратты иемденуіңіз біреудің өмірін сақтап қалуға көмектесуі мүмкін. Осы біліміңізді басқалармен бөлісу арқылы өзіне-өзі қол жұмсау фактілеріне әкеліп соғатын көптеген адасулар мен алжастыратын аңыздардың көзін жоя аласыз. Мүмкін болатын қауіптің белгілерін іздеңіз: суицидтік қатерлер, жабығу, өзіне- өзі қол жұмсау әрекеттерінің алдын-алу, адам тұлғасының жүріс-тұрысындағы өзгерістер және соңғы рет өз еркін білдіру тілегі.

СУИЦИДЕНТТІ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ҚАБЫЛДАҢЫЗ

Тұлғаның суицидтік тұлға болу мүмкіндігін ескеріңіз. Оның өз-өзіне қол жұмсауы және сондай қадамға баруы мүмкін емес деп санамаңыз. Егер де, Сіз өзін-өзі өлтіру қаупі қандай да бір адамға төніп тұруы мүмкін деп ойласаңыз, өзіңіздің жеке пікірлеріңізге сәйкес әрекет жасаңыз.

ҚАМҚОРЛЫҚҚА ТОЛЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ОРНАТЫҢЫЗ

Өзін-өзі өлтіру сияқты мәселені шешуде біржақты жауап болмайды. Жанынан безген адамды қабылдауға міндеттісіз. Оған ерекше көңіл қойып, қолдау көрсетуіңіз қажет. Осылай ғана Сіз жанынан безген адамның оқшауланған ішкі дүниесіне осылай ғана кіре аласыз.

ЗЕЙІНДІ ТЫҢДАРМАН БОЛЫҢЫЗ

Суициденттер әсіресе оқшаулану сезімінен қайғырады. Осыған қарамастан, олар айтылған кеңестерді тыңдай бермейді. Көбіне олар өз проблемалары туралы айтқанды қажет етеді, және

«Менде өмір сүру үшін қажет ешқандай себеп жоқ» деп санайды. Жабығуға ұшыраған адаммен әңгімелескеннен гөрі, оның өзін сөйлетуге тырысу, оның ішкі сырын ақтаруға жетелеу керек. Мұндай адамның жан сыры қайғы немесе кінә, қорқыныш болмаса ыза болса да, Сіз тыңдап, түсіну арқылы оған баға жетпес көмек көрсетесіз. Кей сәтте үнсіз, жай ғана жанында отырғаныңыздың өзі оның жанын түсінгеніңіздің дәлелі ретінде медеу болады.

ДАУЛАСПАҢЫЗ

Суицид қаупіне тап болған кезде достары мен туыстары көбінесе жасөспірімнің суицидтік мінезіне орай былайша реніш білдіреді: «Сен басқаларға қарағанда, едәуір жақсы өмір сүресің, одан да тағдырыңа алғыс айтқаның жөн» немесе «Отбасыңа қандай ұят пен бақытсыздық әкелетініңді түсінесің бе?». Мұндай сөздер оларды одан сайын мұңайтады.

СҰРАҚТАР ҚОЙЫҢЫЗ

«Өзіңе-өзің қол жұмсағалы жатқан жоқ шығарсың?» деген жанама сұрақты қойғанда, өзіңіз естігіңіз келіп тұрған жауапты ала аласыз. Егер, жақын адамыңыз «жоқ» деп жауап берсе, онда суицидтік күйзелісті шешуге көмектесе алмауыңыз әбден мүмкін.

Сабырлы және сенімді түрде қауіп төндіруші жағдай туралы сұрау керек, мәселен, «Қай уақыттан бері өміріңнен күдер үзіп жүрсің? Бұл сезімдер неге сені мазалап жүр деп ойлайсың? Өзіңе-өзің қандай әдіспен қол жұмсағалы жүрсің? Бұрын-соңды өзіңе-өзің қол жұмсау туралы ойлағанда сені не тоқтатушы еді?». Суицидентке көмек беру үшін оның ойлары мен ішкі сезімдерінен жауап іздеп, «Басқаша айтқанда, сен былай демексің ғой …» деген сияқты сөздермен оларды қайталап айту арқылы, жауаптарды нақтылап отыру керек. Сіздің айыптауларыңыздан қорыққан жабырқап жүрген адам үшін оны ерекше сабырлылықпен, қызығушылықпен тыңдауыңыз үлкен жеңілдік әкеліп, оның өмірмен қоштасуға деген әрекетіне жол бермеуге себепші болады.

ОРЫНСЫЗ ЖҰБАТПАҢЫЗ

Психологиялық қорғаныстың маңызды механизмдерінің бірі оңтайландыру болып табылады. Суициденттің өз жағдайынан хабардар ету тілегінің себебі жағдайға алаңдату туғызу болып табылады. Егер Сіз, алаңдатушылық не қызығушылық танытпасаңыз, депрессивті жасөспірім мұны қабыл алмау және сенімсіздік таныту деп бағалайды. Ал, егер Сіз, оны ерекше қамқорлыққа және махаббатқа баурап, әңгімелессеңіз, өзін-өзі өлтіру қаупін әжептеуір төмендетуіңіз мүмкін. Былай болмаған жағдайда, қамқорлықты қажетсінген жасөспірімге жәрдем дер кезінде берілмеу салдарынан оның тағдырына балта шабылуы, яғни, суицид орын алуы әбден мүмкін.

КОНСТРУКТИВТІ АМАЛДАРДЫ ҰСЫНЫҢЫЗ

Психикалық қолайсыздықтың қайнар көзін анықтау – суицидтің алдын-алудың бірден бір маңыздысы болып табылады. Бұл өте қиын болуы мүмкін, себебі, суицидтің «қоректі ортасы» – құпия екенін ұмытпаған жөн. Әңгімелесуге тартатын едәуір тиімді сұрақтар болып мыналар табылады: «Соңғы уақыттары саған не болып жүр? Өзіңді қашаннан бері нашар сезінудесің? Бұл өзгерістер пайда болғалы бері өміріңде нендей жағдайлар орын алды? Айналаңдағылардың қайсысына олар тікелей қатысты?». Жабырқау жасөспірімнің тіпті жек көрушілік, ашынғандық немесе кек алуға деген ұмтылыс сияқты жағымсыз эмоциялары болса да өз сезімін білдіруі тиіс екендігіне көзін жеткізу керек. Егер, адам өзінің ішкі сырымен бөлісуге сенімсіздік танытқан жағдайда «Меніңше, сенің көңіл-күйің жоқ, ренжулі сияқтысың», немесе: «Сен қазір жылауға дайын тұрсың» деп назарын өзіңізге аударуыңызға болады. Сондай-ақ, «Сенің түріңнен абыржулық байқалады, егер сен ішкі сырыңмен бөліссең, мен сені түсініп, көмектесуге тырысып көремін» деп айту өте маңызды.

ҮМІТ ОТЫН ЖАҒЫҢЫЗ

Жабығулы жасөспіріммен жұмыс жүргізу маңызды, әрі жауапты іс. Психотерапевтер әлдеқашан жеткіншектің айтқан сөзіне немесе сезіміне зейін аудару өте тиімді шара деген қорытындыға келген. Мазалайтын ойлар сыртқа шыққан кезде, бақытсыздықтың беті қайтқандай болады. Сарыуайымға салынған адам: «Бұл мәселені қалай шешуге болатынын әлі де түсіне алар емеспін, дегенмен, қиындықтың себебін түсінген соң, тығырықтан шығар жолды көргендеймін, үмітім қайта жанды» деген ойға келеді.

СУИЦИД ҚАУПІНІҢ ДӘРЕЖЕСІН БАҒАЛАҢЫЗ

Мүмкін болатын өзіне-өзі қол жұмсаудың қауіптілігін анықтауға тырысыңыз. Себебі, өзіне-өзі қол жұмсау идеясы өткінші ойдан бастау алып, әртүрлі өлу мүмкіндіктері туралы келіп кететін ойлар арқылы шарықтап шыңына жетуі ғажап емесі анық. Бұл ойлардың соңы өлуге бекінген жеткіншектің түбегейлі, нақты жоспарымен аяқталады. Суицидке баратын жолдарды қарастырады, өз ісін жүзеге асыруда ол улануды, биіктіктен секіруді, арқан жіп немесе оқ ататын қаруды таңдауы мүмкін. Басқа да факторларды, яғни, ішімдікті, есірткіні қолдануы, эмоционалдық тұрақсыздық дәрежесі, мінез-құлықтың теріс ұйымдастырылуы, шарасыздық пен дәрменсіздік сезімдерінің белең алуын қарастырған маңызды. Мұндай жағдайларда мінез-құлықтағы ұсақ-түйек боп саналатын өзгерістерге, мысалы, жабығулы күйдегі жасөспірім өзінің жақсы көретін және т.б. затын біреуге жасырмай сыйлағанын байқаған кезде бейжай қарамаған жөн. Осы орайда, дәрілерді, қару немесе өткір заттарды көзден таса жерге қою керек.

ЖОҒАРЫ СУИЦИДТІК ҚАУІП БАР ЖАҒДАЙДА АДАМДЫ ЖАЛҒЫЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗ

Онымен ұзағырақ болуға тырысыңыз, бірге болуға мүмкіндік болмаса, күйзеліс шешілгенше және көмек келгенше, басқа біреуден жеткіншектің қасында бола тұруын өтініңіз. Жедел жәрдем стансасына не емханаға хабарласуыңызға болады. Қолдау көрсетіп, көмек беруге жауапты екеніңізді есте сақтаңыз.

МАМАНДАРДЫҢ КӨМЕГІНЕ ЖҮГІНІҢІЗ

Суициденттердің көру аясы тар, өзіне тән туннельдік санасы болады. Олардың ақыл-ойы өткінші мәселелерді шешу жолы туралы толық көріністі көз алдына елестетуге қабілетті емес. Бірінші кезекте олар көмек беруді сұрайды. Жеткіншектің құрбы-құрдастары мен достары көмек көрсетуге әрдайым ниетті болатыны ешқандай шүбә тудырмайды, дегенмен, жас ерекшелік психологиясы тұрғысында бұл жастағы жеткіншектерге проблеманы шешуіне өмірлік тәжірибесі жетпейді және шамадан тыс эмоционалды. Жағдай ушыққан кезде суицидентке көмек берудегі жалғыз балама – оны психиатриялық ауруханаға жатқызу. Кешеуілдеу қауіпті болуы мүмкін; ауруханаға жатқызу науқасқа да, оның отбасына да біршама жеңілдіктер әкелуі мүмкін.

ҚАМҚОРЛЫҚ ПЕН ҚОЛДАУ ЖАСАУДЫ ТОҚТАТПАУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Шиеленіс сейілген кезде, ата-аналар немесе жанұя мүшелері алаңдаудан айыға бастайды, өздерін еркін ұстап, босаңсиды. Дегенмен, «суицидтік жеткіншекті» қолдап, қуаттауды тоқтатпай, оның өмірге бейімделуі үшін барлық жағдай жасау қажет.

Мысалы, күйзелісті басынан кешірген адамдардың тарихымен, қуанышты жағдайлармен және т. б. таныстыру. Қазіргі таңда жер бетіндегі миллиондаған адамға «Жизнь без границ» кітабын жазған Ник Вуйчичтің күлімдеген жүзі таныс.

Қанаттандыратын, сезімге толы бұл кітапта қиындықты, үмітсіздікті қалай жеңуге болатыны, өзіңе сену және бақытты болу жолы туралы баяндалған. Ник Вуйчич мүгедек болып туған (аяқ-қолдары жоқ), өзінің дене кемістігі салдарынан өмірде көрген қиыншылықтары мен қайғысы, өзінің осы жағдайға көндігуден басқа амалы жоқ екендігін сезінгені туралы ашық айтқан. Сегіз жасқа толғанда Ник өлуге бел буады. Өміріне талдау жасай отырып ол ешқашан үйленбейтінін, ешқашан жұмыс істей алмайтынын, мағыналы өмір сүре алмайтынын түсінеді. Қазір Вуйчич 30 жаста, және ол осы уақыт аралығында өз замандастарынан артық жетістікке қол жеткізді. Ник екі жоғары білім алды. 20-дан артық елде болды, оның тарихын бизнес-форумдарда, мектептерде, қарттар үйлерінде, шіркеулер мен түрмелерде 3 млн-нан артық адам естіді. Ол жылына шамамен 250 аудитория алдында сөз сөйлейді, дүние жүзі компанияларына үнемі сұхбат береді және «Аяқ-қолсыз өмір» қайырымдылық қорының директоры болып қызмет етеді. Ник Вуйчичтің өмірі бірегей. Ол аяқ-қолдары болмаса да өзінің кемтар жағдайынан кедергіні емес, өсу, алдына үлкен мақсаттар қою мен өз қалауына қол жеткізу мүмкіндігін көруді үйренді. Ол компьютерде минутына 43 сөз тере отырып, өз өмірі туралы кітап жазды, ал жұмыстан бос уақытында балық аулайды, гольф ойнайды және серфингпен айналысады.

Дереккөз: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

АСА БЕЛСЕНДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ПЕН ЗЕЙІННІҢ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БЕЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛҒАН БАЛАЛАР МЕН АТА-АНАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР

– Баламен қарым-қатынаста жағымды ұстанымды ұстану қажет. Әрбір жағдайда оны лайықты деңгейде мадақтап, жетістіктерін атап өту керек. Бұл баланың өз күшіне деген сенімін нығайтуға септігін тигізеді.

– Сабырлы, байсалды сөйлеу керек. Дене жазалауларына жүгінбеген жөн. Араларыңыздағы қарым-қатынасты қорқыныш негізінде емес, сенім негізінде орнатқан жөн. Туындаған қиындықтарды бірге шешу керек.

– Сабырлылық – бала үшін үздік өнеге екендігін естен шығармау қажет.

– “Жоқ”, “болмайды” сөздерін қайталаудан алшақ болу.

– Балаға қысқа уақыт аралығында орындап үлгеруі үшін тек бір тапсырма беру керек.

– Оған күнделікті орындап отыруы тиіс үй жұмыстарының бір бөлігін тапсыру және ешқашан оның орнына ол жұмыстарды орындамау керек.

– Ауызша нұсқауларды бекіту үшін көру ынталандырғыштарын қолдану керек.

– Баланы назар аударуды қажет ететін барлық қызмет түрлері үшін мадақтау (текшелермен жұмыс, бояу, мозаика және т. б.).

– Сыйлық берудің балдық немесе таңбалық жүйесін жүргізу (әр істі жұлдызшамен белгілеуге болады, ал олардың белгілі мөлшерін тәттілермен, ойыншықтармен және т. б. марапаттау керек).

– Аса жоғары немесе төмен талаптардан алшақ болу керек. Оған өз қабілеттеріне сай келетін міндеттер қою керек.

– Баламен бірге мінез-құлық шегін: нені болатындығын және нені болмайтындығын анықтау керек.

– Қатаң күн тәртібін сақтау керек.

– Адамдардың көптеп жиналуынан, шулы ортадан алшақ болған жөн.

– Ойын кезінде баланы тек бір серіктеспен шектеу керек.

– Шаршау өзіндік бақылаудың төмендеуі мен гипербелсенділіктің артуына әкелетіндіктен, баланы одан қорғау керек.

– Балаға артық энергиясын жұмсауға мүмкіндік беру керек. Күнделікті таза ауада дене шынықтыру пайдалы: ұзақ серуендеу, жүгіру, спорттық жаттығулар.

– Ата-аналар педагогтермен, педагог-психологтармен және дәрігермен тығыз байланыста жұмыс істеуі керек.

Буллинг пен кибербуллинг: балаларды қудалаудан қалай қорғауға болады

Кез келген сыныпта біреуді ренжіткенді, мазақтағанды, ұрғанды, тіл тигізгенді, олардың ақшасы мен заттарын тартып алғанды жақсы көретін балалар болады. Басқаларға қарағанда бұзақылардың, содырлардың, ренжіткендердің жиі құрбаны болатын оқушылар бар.

Буллинг (bullying, bully сөзінен – бұзақы, сотқар, төбелескіш, дөрекі, зорлықшыл) үрейлендіру, басқалардың бойында қорқыныш тудыруға, оларды өзіне бағындыруға бағытталған, физикалық немесе психологиялық террор дегенді білдіреді. Жиі кездесетін түрі – мектептегі буллинг.

Көбінесе мектеп ұжымының қалыптасу құрылымы мен деңгейіне байланысты. 10–12 жастағы ұлдарда буллинг оқу жылының басында қатты көрініс береді, ол кезде олар топтық иерархиядағы орын үшін таласады; кейінірек бұл процесс аяқталғанда және иерархия қалыптасып болғанда, буллинг әлсірейді.

Ұлдар мен қыздар қудалаудың әр түрін пайдаланады. Егер ұлдар көбінесе физикалық (теуіп жіберу, итеріп жіберу, т. б.) түріне бейім болса, қыздар қысымның жанама түрлерін (өсек тарату, қарым-қатынас шеңберінен шығарып жіберу) пайдаланады.

Кибербуллинг пен троллинг

Ақпараттық технологиялар әлемінде, яғни әр оқушыда жеке компьютер, ұялы телефон, фотоаппарат пен бейнекамера бар кезде, интернетте артына түсудің жаңа түрлері пайда болады: троллинг пен кибербуллинг. Өзінің сипаты бойынша олар мектептегі «дәстүрлі» зорлық-зомбылықтан қауіптілеу және ізіне түскен объектінің психологиялық жай-күйін бүлдіретіндей жағдайға әкеледі.

Троллинг тікелей (қатысушыларды жәбірлеу, ресурс ережелерінің бұзылуы, шағыстыру, ұрыс-керіс) және жасырын (қатысы жоқ хабарламалар, басқа бір өткір сұраққа оралу, бүркемелі хабарламалар, бір қарағанда жақсы боп көріну) болуы мүмкін. «Тролльдер» ашық жанжал түрінде жауап алғысы келеді. Мұндай қолданушымен қақтығыста өзіңді ұстай алмай қалуың мүмкін, өзіңнің де «тролльге» айналуың ықтимал.

Тролльдер қарым-қатынасқа қатысушылардың ашуын туғызуға ұмтылады, бірақ олардың мақсаты нақты бір адамды кемсіту болуы да мүмкін. Бұл жағдайда троллинг мақсатқа бағытталған қудалау – кибербуллингке – яғни интернеттегі қудалауға көшеді.

Кибербуллингке қатысушылардың «мақсатты аудиториясы» – белсенді түрде онлайн-өмір жүргізетін және көптеген әлеуметтік желілерді пайдаланатын 12 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдер.

Жасөспірімдер арасында бір-бірінің ізін аңду қашаннан танымал. Интернеттің дамуымен және әлеуметтік желілердің ерекшелігі жағдайында онлайн-ортада да қудалау дамып келеді. Әртүрлі зерттеулердің мәліметтері бойынша, мектептегі бүкіл оқушылардың 20 %-дан астамы Интернеттегі аңдудың құрбандарына айналуда.

Мінездемесі бойынша кибераңдушылардың шынайы өмірде аңдумен айналысатындардан айырмашылығы жоқ. Бірақ олар бүкіл бос уақытын Интернетте өткізгенді жөн көреді және желіде «өзіңмен өзің болу» оңай деп есептейді.

Кибербуллингтің ерекшеліктері

Кибербуллинг өз құрбанына аптаның жеті күнінде де, тәулігіне 24 сағат бойы соқтығады, жасөспірімнің өзін қорғанышта сезіне аларлықтай кеңістік пен уақыт қалдырмайды.

Шабуыл жанын ауыртатындай және кенеттен болуы мүмкін. Электрондық хабарламаларды бақылау және сүзгіден өткізу күрделі болғандықтан, тиісіп отырған адамы үшін мұның бәрі кездейсоқ болады да, ауыр психологиялық күйге ұшыратады.

Кибербуллинг қолданатын адамдар жасырын боп қала береді. Жасөспірім өзін кім аңдып жүргенін білмейді және қауіпті ұлғайтып көрсетуге бейім келеді. Аңдушылардың аты-жөнінің жасырын болуы үрей әсерін күшейте түседі.

Кибербуллинг әртүрлі буынға бірдей қатты әсерін тигізеді. Жасөспірім ғана емес, мәселен, мектеп мұғалімі де оның құрбанына айналуы мүмкін.

Кибербуллинг байқаусызда болуы да мүмкін. Кейде жабық топтық немесе онлайн-қоғамдастықтың мүшесі біреуге зияным тиеді деп ойламастан орынсыз қалжыңдап қалады. Оның қалжыңын әрі қарай үшінші тұлғалар көздеп отырған адамды аңдуға пайдаланады.

Интернеттегі қудалауды бақылауға алуға болады. Барлық жазбалар желіде із қалдырады, олар құжаттандырылып, дәлел ретінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл ерекшелік кибербуллинг құбылысымен тиімді күрес жүргізуге мүмкіндік береді.

Кибербуллингтің технологиялары

Ұялы байланыс. Смартфон нысанаға алынып отырған адамның беделін түсіру мақсатында фото- және бейнекескіндерді жазып алу үшін ғана емес, аңду объектісіне СМС-хабарлама жеткізу үшін де пайдаланылады.

Шұғыл хабарламалар сервистері. Mail.Ru Агент, WhatsApp сияқты танымал сервистер көзделіп отырған адамға хабарлама жіберу үшін де қолданылады. Ол адамның аккаунты бұзылуы және достары мен туыстарына оның беделін түсіретін хабарламалар жіберу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Чаттар мен форумдар. Агрессивті хабарламалар жіберу үшін, таңдалған адамның аккаунттарының бірінің иесінің құпиясын ашу үшін пайдаланылады. Форум беттерінде құпия, жеке ақпарат жалпыға ортақ талқылауға салынады.

Әлеуметтік желілер. Үрейлендіретін пікірлер, фото- және бейнематериалдар орналастыру үшін қолданылады. Қудалау құрбанының аккаунтын бір топ адам бұғаттап, оған жаппай шағым жіберілуі мүмкін. Ол қудалау құрбанының атынан әшкерелейтін хабарламалар жіберу үшін бұзылуы ықтимал. Сондай-ақ беделін түсіретін әрекет үшін қудалау құрбанының атынан аккаунт ашылып, пайдаланылуы мүмкін.

Ойын сайттары мен виртуалды ойын әлемдері. Бір топ адам мақсатты түрде қудалау құрбанының ойын кейіпкеріне зиянын тигізеді немесе тіпті әдісін тауып, бұл кейіпкерді өлтіруі мүмкін, бұл да ауыр психологиялық қысым болып табылады.

Оқушылар арасындағы агрессорлардың түрлері

Нигилист – көбіне қыз емес, ұл. Логикалық ойлауы жақсы дамыған. Патологиялық эмоцияның жоқтығы – оның ерекше белгісі. Ол өзін ғана тыңдайды және өз пікірімен ғана санасады. Басқалар үшін жанын жаралайтындай және кемсітетін лақап ат ойлап табады.

Компенсатор – білімінің жеткіліксіздігі мен оқуға деген қабілетінің жоқтығын үстемдік көрсетумен, өтірікпен, дөрекілікпен толтырады. Әлсіздер мен қорғансыздарды мұқатқанды ұнатады. Біреу ренжітсе есінде ұзақ сақтайды, әрқашан қарымта қайтаруға ұмтылады. Мұндай буллермен күрестің жалғыз мүмкіндігі – ұжымның қолдауына ие болу. Қудалау құрбанын басқалар қолдайтынын түсінсе, оның агрессиясының қызуы бәсеңдейді.

Комбинатор – интеллектісі дамыған қатыгез жасөспірім. Оған басқаларды алдап-арбаған ұнайды, сыныптастарын бір-бірімен қақтығыстырып, өзі шетте қалады. Мұндай буллермен шынайы қатынастың өзі кез келген сәтте кенеттен өте ауыр соққыға айналып шыға келуі мүмкін.

Көбінесе агрессияның құрбандары мынадай балалар:

  • физикалық кемшілігі бар (көзілдірік тағатын немесе тісінде пластинасы бар, ерекше қажеттіліктегі, сөйлеген сөзінде ақаулығы бар, т. б.);
  • мінез-құлқы өзгеше (тұйық, ұялшақ немесе керісінше, мінезі қызба, аңқау);
  • сырт келбеті мен дене бітімі ерекше;
  • әлеуметтік дағдылары жетілмеген;
  • мектеп алдындағы қорқыныш;
  • ұжыммен қарым-қатынас дағдыларының болмауы;
  • дене және ақыл-ой аурулары;
  • үлгерімі нашар және интеллекті төмен.

Аңдуға түскен адамның белгілері

Мазасыз мінез-құлық

Тіпті тұйық оқушыны да болып жатқан оқиғалар алаңдатады, бұл оның мінез-құлқынан көрінеді. Күйзеліс және мектепке барғысы келмеу – баланың агрессияға ұшырағанының айқын белгілері.

Интернетті жақтырмау

Егер бала бұрын Интернетті жақсы көрсе және кенеттен мұны тоқтатса, себебін анықтау керек. Көп жағдайда кенет әлеуметтік желіні пайдаланғысы келмей қалу виртуалдық әлемдегі проблемалармен байланысты.

Жаңа хабарлама алған кездегі күйгелектік

Баланың хабарлама даусын жақтырмауы ата-аналар мен мұғалімдерді алаңдатуға тиіс. Егер бала үнемі көңіл күйін түсіретін хабарлама алатын болса, тез арада онымен сөйлесіп, мазмұнын талқылау керек.

Балаларды кибербуллингтен қорғау жөнінде ата-аналарға ұсынымдар

Балалармен бірге сайттарға кірудің нақты ережесін белгілеңіз. Оның қандай беттерге кіруі керектігін, ал қандайына кіруге болмайтынын айқындаңыз. Жағымсыз материалдарға кіре алмайтындай бұғаттаңыз. Компьютеріңізде қауіпсіздік параметрлерін белгілеңіз.

Тіркелгенде дұрыс ат пен құпиясөз таңдауына көмектесіңіз. Олардың ешқандай жеке ақпаратты қамтымайтынына көз жеткізіңіз.

Балаларға Интернет желісінде құпиялықты сақтау керектігін түсіндіріңіз. Оларды ешқашан өз мекенжайын, телефон нөмірін немесе басқа да жеке ақпаратты (мәселен, оқу орнын немесе серуендейтін сүйікті орнын) бермеуге көндіріңіз.

Балаға рұқсатсыз немесе үлкен адам болмаған кезде онлайн-таныстармен кездесуге рұқсат бермеңіз. Егер ол жаңа интернет-досымен кездескісі келсе, біреумен ілесіп баруға көндіріңіз. Баланың қайда және кіммен баратынын біліңіз.

Сыныпта немесе балаңыз оқитын мектептің басқа балалары тарапынан буллинг орын алған жағдайда, сынып жетекшісіне және мектеп әкімшілігіне жүгініңіз.

Құрметті ата-аналар (заңды өкілдері)!

Сервис және туризм колледжінің әкімшілігі жазғы демалыс кезінде кәмелетке толмағандар арасындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Сіздерден балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін келесі факторлар мен әрекеттерге ерекше назар аударуды сұрайды:

– жасөспірімнің қайда жүргені туралы ақпаратты білу;

-кәмелетті жасқа толманағандарды ересектердің бақылауынсыз қалдырмау;

– балаларға достарымен түнеуге рұқсат бермеу;

-баланың араласатын ортасына назар аударып, достарының мекен-жайлары мен телефондарын білу;

– кәмелетке толмаған балалардың уақыт өткізуін бақылау;

-кәмелетке толмаған балалардың бос уақытын жоспарлау және ұйымдастыру;

– балалармен жарақат алу қаупі бар жерлер, қауіпсіз мінез-құлық, жол қозғалысы ережелерін сақтау және өртке қарсы қауіпсіздік туралы түсіндірме әңгімелер жүргізу қажет.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 70-бабына сәйкес ата-аналар балаларының өмірі мен денсаулығына дербес жауапты.

«Жазғы демалыс кезіндегі мінез-құлық ережелері»

Жазғы демалыс-барлық студенттер үшін ең қажет уақыт, әркім одан қызықты демалысты, көңілді ойын-сауықты және жаңа таныстарды асыға күтеді. Жазғы демалысты пайдалы өткізу үшін өте мұқият болыңыз және жеке қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:

1.      Жол қозғалысы ережелерін, қоғамдық көлікті пайдалану ережелерін сақтаңыз, қоғамдық орындарда жүріс-тұрыс ережелерін сақтаңыз. Көшеде, жолдан өту кезінде абай болу керек.

2.      Тұрмыстық техниканы пайдалану ережелерін сақтаңыз: электр және газ құрылғыларымен байланыста болған кезде абай болыңыз. Теледидар көргенде және компьютерде жұмыс істегенде уақытша режимді сақтаңыз (тыйым салынған сайттарға кірмеңіз, ҚР аумағында тыйым салынған рәміздерді орналастырмаңыз)

3.      Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ұстауда абай болыңыз.

4.      Орманда, су объектілерінде және т. б. серуендеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

5.      Темекі шегудің, алкогольді ішудің және есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың зияны туралы, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы біліңіз:

– есірткі және психотроптық заттарды қолдану, тарату және сақтау;

– алкогольді тұтыну;

– қоғамдық орындарда темекі шегу үшін.

7.      Террористік акт қаупі бар мінез-құлық ережелерін, сондай-ақ кепілге алу және ұстау кезіндегі мінез-құлық ережелері туралы ұсыныстарды есте сақтаңыз.

8.      Бейтаныс адамдармен байланыста болған кезде ерекше қырағылық танытыңыз, адамдар көп жиналатын жерлерде ерекше сақ болыңыз.

9. Тыйым салынады:

– қала аумағында және орман алқабының аумағында от жағу;

-бейтаныс саңырауқұлақтар мен жидектерді жеу;

– ата-анасының (заңды өкілдерінің) еріп жүруінсіз және бұл үшін бөлінбеген орындарда су айдындарында шомылу;

– сағат 23:00-ден кейін ата-анасының (заңды өкілдерінің) еріп жүруінсіз көшеде болу.

Өз денсаулығыңызды күтіңіз! Сізге жағымды және қауіпсіз жазғы демалыс тілейміз!

Өз-өзіне қол жұмсау- өзін әдейі, қасақана өмірден айыру, егер мәселе бірнеше ай бойы өзекті және шешілмеген болса және сонымен бірге бала өзінің айналасындағы адамдармен ұайымымен бөліспесе орын алуы мүмкін.

Сақ болыңыз! Өз-өзіне қол жұмсауға шешім қабылдаған адамдар өздерінің ниеттері туралы ешкімге айтпайды деген пікір дұрыс емес

Көптеген адамдар басқаларды қандай да бір белгілімен немесе басқа түрде ескертеді. Ал балалар өз жоспарларын жасыруды білмейді. «Ешкім болжай алмады» сияқты әңгімелер басқалардың жіберілген сигналдарды қабылдамағанын немесе түсінбегенін білдіреді.

Бала өз-өзіне қол жұмсау туралы тура айта алады, өмірдің мағынасыздығы туралы, онсыз бұл дүние жақсы болатынын айтады «Бәрінен шаршадым», «мен бәрін де, өзімді де жек көремін», «бәріне нүкте қоятын кез келді», «мұның бәрі қашан бітеді», «бұлай өмір сүру мүмкін емес», «егер мен жоқ болсам сен не істер едің» деген сияқты, жерлеу туралы айтқан сөздерінен сезіктену керек. Барлық қарыздарды таратуы, жек көретін адамдарымен татуласуы, өзінің заттарын тарата бастауы, әсіресе оған енді қажет емес екенін еске салуы дабыл белгісі болып табылады.

Жоғарыда айтылғандардан басқа, баланың өзіне-өзі қол жұмсауға дайындалуының тағы бірнеше белгілері бар және олардың бір-екеуі пайда болған кезде ерекше назар аудару керек:

  •  сүйікті іс-әрекеттеріне қызығушылықты жоғалту, белсенділіктің төмендеуі, апатия, ерік-жігердің болмауы;
  •  өзінің сыртқы келбетіне немқұрайлы қарау, жалқаулық;
  •  жалғыздыққа құмарлықтың пайда болуы, жақын адамдардан алшақтау;
  • • көңіл-күйінің күрт өзгеруі, сөздерге дөрекі жауап беруі, себепсіз көз жасы, баяу және түсініксіз сөйлеу;
  •  оқу үлгерімінің кенеттен төмендеуі және немқұрайлылық;
  •  колледждегі нашар мінез-құлық, сабаққа қатыспау, тәртіп бұзу;
  • тәуекелге және негізсіз және абайсыз әрекеттерге бейімділік;
  • денсаулыққа қатысты мәселелер: тәбеттің төмендеуі, өзін нашар сезіну, ұйқысыздық, қорқынышты түс көру
  • заттарын немесе ақшасын немқұрайлы тарату, оларды тарату;
  • істерді ретке келтіруге, қорытындылауға, болғанның бәрі үшін кешірім сұрауға ұмтылу;
  • өзін-өзі кінәлау немесе керісінше – басқаларға байланысты екенін мойындауы;
  • өлім тақырыбындағы әзілдер мен ирониялық сөздер немесе философиялық ойлар.

Не істеу керек? Қалай көмектесуге болады?

Балада суицидке бейімділігін байқасаңыз, онымен ашық сөйлесуге тырысыңыз.

Егер адам өзі бұл тақырыпты қозғамаса, кенеттен суицид туралы сұрақ қоймаңыз.

Оны не мазалайтынын, өзін жалғыз, бақытсыз сезінетінін, тығырыққа тірелгенін, ешкімге керек емес немесе қарыздары барын, достарының кім екенін және оның немен айналсатынын білуге тырысыңыз.

Бұл жағдайдан шығудың жолын табуға тырысуға болады, бірақ көбінесе бала ішіндегісін сыртқа шығарып сөйлессе, жинақталған шиеленіс жеңілдеп және оның өзіне-өзі қол жұмсауға деген ойы басылады. Баланың жасаған әрекетінің «Себебі неде» және «Мақсаты неде» әрқашан нақтылануы керек. Психолог мамандарына жүгінуден қорықпаңыз.

Психологқа жүгіну ақыл-ой кемістігін, есепке алуды және психикалық ауытқушылықты білдірмейді.

Өз өміріне қол сұғатын адамдардың көпшілігі – психикалық сау адамдар, шығармашылық дарынды тұлғалар, олар жай ғана қиын жағдайға тап болғандар.

Баланы жалғыздықтан, тек оған деген махаббат құтқара алады!

Егеер сіз естісеңізМіндетті түрде айтыңызАйтуға тыйым салынады
«Мен бәрін жек көремін …»«Бір нәрсе болып жатқанын сеземін. Бұл туралы сөйлесейік»«Мен сенің жасыңда болғанда…сен бос сөз айтып жүрсің»!
«Барлығы үмітсіз және мағынасыз»«Сенің көңілің-күйің жоқ болып жүргенін сеземін. Кейде  бәріміз де осылай сезінеміз. Бізде қандай проблемалар бар, оларды қалай шешуге болатынын талқылайық»«Сенен де нашар сезімде жүрген адамдар туралы ойла»
«”Менсіз бәріне жақсы болар еді!»«Сен мен үшін, біз үшін өте керексің. Мен сенің көңіл-күйіңе алаңдаймын. Бұл туралы сөйлесейік»«Ақымақ болма. Басқа нәрсе туралы сөйлесейік»
«Сендер мені түсінбейсіңдер!»«Маған не сезінетініңді айт. Мен сені шынымен түсінгім келеді»«Мен сені қайдан түсінемін!»
«Мен қорқынышты әрекет жасадым»«Мен сенің өзіңді кінәлі екеніңді сезінетініңді сеземін. Бұл туралы сөйлесейік»«Енді сен не қалайсың? Тезірек айт!»
«Мен ешқашан жетістікке жете алмаймын»«Сен қазір еш нәрсеге күшіңнің жоқ екенін сезініп жүрсің. Мұны қалай өзгерту керектігін талқылайық»«Қолыңнан келмес, онда талпынбағансың!»

Егер кәмелетке толмаған адамның өзіне-өзі қол жұмсауға бейімділігі байқалса, келесі кеңестер сізге жағдайды өзгертуге көмектеседі.

1. Жасөспірімді мұқият тыңдаңыз. Рухани дағдарыс жағдайында кез келгенімізге, ең алдымен, бізді тыңдауға дайын адам қажет. Сөздің астарындағы мәселені түсіну үшін бар күшіңізді салыңыз.

2. Баланың ниеті мен сезімінің ауырлығын бағалаңыз. Егер ол қазірдің өзінде өзіне-өзі қол жұмсаудың нақты жоспары болса, бұл жоспарлар бұлыңғыр және белгісіз болса, жағдай ауыр болады.

3. Эмоционалды дағдарыстың тереңдігін бағалаңыз. Жасөспірім ауыр қиындықтарға тап болуы мүмкін, бірақ өз-өзіне қол жұмсау туралы ойламайды. Көбінесе жақында күйзеліске ұшыраған адам кенеттен дауылды, тынымсыз әрекетті бастайды. Мұндай мінез-құлық мазасыздықтың негізі бола алады. .

4. Барлығына, тіпті елеусіз шағымдар мен реніштерге мұқият болыңыз. Жоғарыда айтылғандардың ешқайсысын елемеңіз. Ол өз проблемаларын жасырып, сезімін көрсетпеуі мүмкін, бірақ сонымен бірге терең күйзеліс жағдайында болуы мүмкін.

5. Оның өзіне-өзі қол жұмсау туралы ойлайтынын ақырын сұрауға тырысыңыз. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай сұрақтың зияны жоқ. Көбінесе жасөспірім өз проблемаларын ашық айта алатын мүмкіндігі бар екеніне қуанады.

.

Келесі ережелерді сақтау маңызды:

– көмектесе алатыныңызға сенімді болыңыз;

– сабырлы болыңыз;

– «Барып, мұны істе» деп адамды шошытып немесе қорқытуға тырыспаңыз;

– «Сен –өзіңді осылай сезінесің, өйткені…» деп айтып оның мінез-құлық мотивтерін талдамаңыз;

– жасөспірімге:

«Сен өзіңізді өлтіре алмайсың, өйткені…»-деп ақыл айтуға тырысып және дауласпаңыз.

– қолыңнан келгеннің бәрін жасаңыз.

Әрине, көмек алу үшін мамандарға жүгініңіз!

Егер сіз естісеңізМіндетті түрде айтыңызАйтпаңыз
«Оқуды, топты жек көремін..»«Сен неліктен өзіңді осылай сезініп жатырсын?»«Мен сенің жасында болғанда…сен жай ғана еріншексің!»
«Бәрі үмітсіз болып көрінеді..»«Кейде бәріміз өзімізді жайсыз сезінеміз.  Бізде қандай проблемалар бар және олардың қайсысын бірінші кезекте шешу керек екендігі туралы ойланайық?»«Саған қарағанда жағдайлары одан да бетер адамдар туралы ойла одан да»
« Менсіз бәрі жақсы болар еді»«Сен біз үшін көп нәрсені білдіресін, мені сенің көңіл-күйің алаңдатады. Маған не болып жатқанын айтып берші?»«Ақымақтың сөзің сөйлемеші. Басқа бір нәрсе туралы сөйлесейік одан да»
«Сендер мені түсінбейсіңдер!»«Сен өзіңді  қалай сезінесің, айтып берші? Мен мұны шынымен білгім келеді»«Қазіргі замандағы жастарды кім түсіне алады?»
« Мен жаман бір нәрсе жасадым »«Қане отырып, бұл туралы сөйлесейік»«Не ексең, соны орасың!»
«Ал егер менің қолымнан келмесе ше?»«Егер солай болса, сенің қолыңнан келгенін жасағаныңды білетін боламын»«Егер болмаса – демек сен жеткілікті тырыспадың»
Егер сіз естісеңізМіндетті түрде айтыңызАйтпаңыз
«Оқуды, топты жек көремін..»«Сен неліктен өзіңді осылай сезініп жатырсын?»«Мен сенің жасында болғанда…сен жай ғана еріншексің!»
«Бәрі үмітсіз болып көрінеді..»«Кейде бәріміз өзімізді жайсыз сезінеміз.  Бізде қандай проблемалар бар және олардың қайсысын бірінші кезекте шешу керек екендігі туралы ойланайық?»«Саған қарағанда жағдайлары одан да бетер адамдар туралы ойла одан да»
« Менсіз бәрі жақсы болар еді»«Сен біз үшін көп нәрсені білдіресін, мені сенің көңіл-күйің алаңдатады. Маған не болып жатқанын айтып берші?»«Ақымақтың сөзің сөйлемеші. Басқа бір нәрсе туралы сөйлесейік одан да»
«Сендер мені түсінбейсіңдер!»«Сен өзіңді  қалай сезінесің, айтып берші? Мен мұны шынымен білгім келеді»«Қазіргі замандағы жастарды кім түсіне алады?»
« Мен жаман бір нәрсе жасадым »«Қане отырып, бұл туралы сөйлесейік»«Не ексең, соны орасың!»
«Ал егер менің қолымнан келмесе ше?»«Егер солай болса, сенің қолыңнан келгенін жасағаныңды білетін боламын»«Егер болмаса – демек сен жеткілікті тырыспадың»
Егер сіз естісеңізМіндетті түрде айтыңызАйтпаңыз
«Оқуды, топты жек көремін..»«Сен неліктен өзіңді осылай сезініп жатырсын?»«Мен сенің жасында болғанда…сен жай ғана еріншексің!»
«Бәрі үмітсіз болып көрінеді..»«Кейде бәріміз өзімізді жайсыз сезінеміз.  Бізде қандай проблемалар бар және олардың қайсысын бірінші кезекте шешу керек екендігі туралы ойланайық?»«Саған қарағанда жағдайлары одан да бетер адамдар туралы ойла одан да»
« Менсіз бәрі жақсы болар еді»«Сен біз үшін көп нәрсені білдіресін, мені сенің көңіл-күйің алаңдатады. Маған не болып жатқанын айтып берші?»«Ақымақтың сөзің сөйлемеші. Басқа бір нәрсе туралы сөйлесейік одан да»
«Сендер мені түсінбейсіңдер!»«Сен өзіңді  қалай сезінесің, айтып берші? Мен мұны шынымен білгім келеді»«Қазіргі замандағы жастарды кім түсіне алады?»
« Мен жаман бір нәрсе жасадым »«Қане отырып, бұл туралы сөйлесейік»«Не ексең, соны орасың!»
«Ал егер менің қолымнан келмесе ше?»«Егер солай болса, сенің қолыңнан келгенін жасағаныңды білетін боламын»«Егер болмаса – демек сен жеткілікті тырыспадың»
Егер сіз естісеңізМіндетті түрде айтыңызАйтпаңыз
«Оқуды, топты жек көремін..»«Сен неліктен өзіңді осылай сезініп жатырсын?»«Мен сенің жасында болғанда…сен жай ғана еріншексің!»
«Бәрі үмітсіз болып көрінеді..»«Кейде бәріміз өзімізді жайсыз сезінеміз.  Бізде қандай проблемалар бар және олардың қайсысын бірінші кезекте шешу керек екендігі туралы ойланайық?»«Саған қарағанда жағдайлары одан да бетер адамдар туралы ойла одан да»
« Менсіз бәрі жақсы болар еді»«Сен біз үшін көп нәрсені білдіресін, мені сенің көңіл-күйің алаңдатады. Маған не болып жатқанын айтып берші?»«Ақымақтың сөзің сөйлемеші. Басқа бір нәрсе туралы сөйлесейік одан да»
«Сендер мені түсінбейсіңдер!»«Сен өзіңді  қалай сезінесің, айтып берші? Мен мұны шынымен білгім келеді»«Қазіргі замандағы жастарды кім түсіне алады?»
« Мен жаман бір нәрсе жасадым »«Қане отырып, бұл туралы сөйлесейік»«Не ексең, соны орасың!»
«Ал егер менің қолымнан келмесе ше?»«Егер солай болса, сенің қолыңнан келгенін жасағаныңды білетін боламын»«Егер болмаса – демек сен жеткілікті тырыспадың»

Нашақорлықтың профилактикасы нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін білдіреді. Нашақорлықтың алдын алу маңызды нашақорлық-бұл адамның өзі үшін ғана емес, қоғам үшін де қауіпті ауру.  Нашақорлық тұлғаға апатты зақым келтіруді тудырады. Өтірік, сатқындық, қылмыс, отбасының бұзылуы, өлімге әкелетін аурулар, мұның бәрі нашақорлықтың серіктері. АИТВ жұқтырған науқастардың шамамен 70% – ы есірткіні қолдану салдарынан өлімге әкелетін вирус алды. Егер біз нашақорлардың орташа жасы шамамен 30 жаста екенін ескеретін болсақ, яғни бұл бала туу жасындағы адамдар болса, онда нашақорлық ұлттың өмір сүруіне қауіп төндіреді. Осы деректерді ескере отырып, нашақорлықтың алдын алу өте маңызды екендігі белгілі болады. Нашақорлықтың алдын алу кейінірек емдеуден жеңілірек. Өйткені, нашақорлықты емдеу көбінесе нәтижесіз болады. Кез-келген оңалту орталығы немесе нашақорлық клиникасы нашақорлықпен күресуді мақсат етеді, бірақ бұл мақсатқа бәрі бірдей қол жеткізе бермейді. Сондықтан нашақорлықтың профилактикасы нашақорлықтың алдын алудың ең маңызды құралына айналады.

Нашақорлықтың алдын алу: отбасы

Нашақорлықтың алдын алу отбасынан басталуы керек. Нашақорлықтың алдын алу отбасында қалай жүзеге асырылуы мүмкін? Ең маңыздысы ата-аналардың өзі үлгі болып қалуын ескеру, әсіресе байсалды өмір салтына қатысты. Нашақорлықтың алдын алу, ол ата-аналардың баласын нашақорлықтан сақтай алатынын түсінуі маңызды. Нашақорлықтың алдын алу отбасында ашық қарым-қатынас пен сенімді қарым-қатынас болған кезде мүмкін болады. Бүгінде Ресейде балалар есірткіні қолданып жүрген орташа жас 14. Демек, осы жасқа қарай жасөспірімдер есірткіден бас тартудың нақты ұстанымына ие болуы керек және нашақорлықтың алдын алу әлдеқайда ертерек басталуы керек. Нашақорлар арасындағы сауалнамалар жайсыз көріністі анықтады: неге сіз ата-анаңызбен есірткіні қолданып көруге ұсыныс түскені туралы сөйлеспедіңіз? деген сұраққа, балалардың 100% – ы жанжал болады, серуендеуге тыйым салынады, достасуға тыйым салынады және т.б., есірткіні қабылдауға қатысты кіммен кеңесесіз деген сұраққа, 99% – ы достарын атады. Осыдан балаларды әңіме мен тәрбиелеудегі тыйым салу, диктаторлық тактика оларға отбасында көмек алуға мүмкіндік бермейді деген қорытынды жасауға болады.

Тиісінше, нашақорлықтың алдын алу мүмкін емес. Бұл тактика баланы азғырулардан қорғай алмайды. Осылайша  нашақорлықтың алдын-алу жоққа шығады. Қазіргі жасөспірім ата-анасынан гөрі достарына сенгенді жөн көреді. Неліктен? Достар айыптамайды, достар жазаламайды, достары серуендеуден айырмайды, т.б.

Отбасында баламен нашақорлықтың алдын алу жөнінде жай әңгімелесу әрқашан нәтиже бермейді. Үлкендер баланың пікірін сыйламау, оның сөзін тыңдамау сияқты қателіктерді жиі жасайды. Егер бала сүрініп кетсе, дұрыс емес әрекет жасаса, олар әдетте оны жазалайды және қатені анықтауға және түзетуге көмектеспейді. Жасөспірім кезінде  өзі үшін ата-аналармен қарым-қатынас принципін қалыптастырды: артық әңгіме мен жазаларды болдырмау үшін олардың проблемалары туралы мүмкіндігінше аз айтуы. Бірақ баланың проблемалары осыдан шешілмейді және ол осы проблемаларымен достарына барады. Егер олар жақсы болса жақсы, ал егер олай болмаса ше? Сондықтан нашақорлықтың алдын алуды баланың жеке басына құрметпен қараудан, отбасындағы ашық сөйлесуден, өзара түсіністіктен бастау керек. Сонда нашақорлықтың алдын алу өз нәтижесін береді.

Есірткіні қолдану белгілері

Баланың есірткіні қолдануы мүмкін екенін көрсететін белгілі бір белгілер бар. Егер сіз оларды байқасаңыз, сақ болу керек.

Негізгі белгілері:

1. ине іздері, кесілген жерлер, көгерген жерлер (әсіресе қолдарында);   

2. балада (жасөспірімде) түтікке оралған қағаздардың, кішкентай қасықтардың, шприцтердің және/немесе олардың инелерінің болуы;    

3. дәрілік немесе химиялық препараттардан капсулалардың, таблеткалардың, ұнтақтардың, көпіршіктердің болуы;

4.  толуол иісі бар шүберектер; желім, бензин, нитро бояудан жасалған қаңылтырлар мен бос түтіктер, шашқа арналған лактың босаған ыдыстары, химиялық иістерге малынған қағаз немесе пластик пакеттер;

5. темекі қораптарындағы папирос (әсіресе «Беломор»). папиросы;

6. кеңейтілген немесе кішірейген қарашықтар;

  • алкоголь иісі болмаған кезде сөйлеудің, жүрудің және қозғалыстардың үйлестірудің бұзылуы.

Қосымша белгілер:

1.  үйден бағалы заттардың, киімдердің жоғалуы және т. б.;

  • ақша сұраудағы ерекше өтініштері;
  • өтірік айту, алдау
  • бейтаныс адамдармен телефон арқылы сөйлесу (әсіресе “шифрланған”);
  • қоғамға қарсы компаниялармен уақыт өткізу;
  • Достарының ортасын өзгертуі немесе есірткі қолданатын «жолдастардың» пайда болуы;

7. оқу үлгерімінің төмендеуі, сабақтан себепсіз қалыуның көбеюі, жаман мінез-құлық, әдеттегі ойын-сауыққа, әдеттенген уақыттағы, спортқа, сүйікті іс-шараларға деген қызығушылықтың төмендеуі;

8. айналасындағы болып жатқан оқиғаларға немқұрайлылықтың артуы;

  • тәбетінің өзгеруі;
  • ұйқының бұзылуы (ұйқышылдық немесе ұйқысыздық);

11. шаршау, өзімен-өзі болуы;

12. көңіл-күйдің нашарлығы немесе көңіл-күйдің жиі негізсіз өзгеруі, тұрақты депрессия, жүйкесінің бұзылуы, агрессивтілік;

13.зейінсіздік, есте сақтау қабілетінің нашарлауы;

14. сырт келбетінің ұқыпсыздығы;

15. көздерінің  қызаруы немесе бұлыңғырлануы.

Ата-аналарға баланың (жасөспірімнің) есірткі қолдану қаупін азайтуға арналған кеңестер

  1. Дүрбелең салмаңыз. Егер сіз ұлыңыздың немесе қызыңыздың қолынан күдікті иіс сезсеңіз немесе ине ізін тапсаңыз, бұл енді бала сөзсіз есірткіге тәуелді болады дегенді білдірмейді Көбінесе жасөспірім есірткіні қысыммен қабылдауға мәжбүр болады.  Алғашқы минуттардан оның сізден жасырынып, жасқанатын жауы емес, қиындықтарды жеңуге көмектесетін одақтасы болуға тырысыңыз.
  2.  Сенімді сақтау. Сіздің өз қорқынышыңыз үрейленуге, қорқытуға, айғайлауға, мәжбүр етуі мүмкін. Бұл жасөспірімді сізден алшақтатып, үнсіз қалуынап әкеліп соғады. Қорытынды жасауға асықпаңыз. Мүмкін сіздің балаңыз үшін бұл есіртіні қолданудағы алғашқы және соңғысысы болуы мүмкін. Егер сіз онымен тең дәрежеде сөйлесіп, оған ересек тұлға ретінде қарап жүгінсеңіз жақсы болады. Есірткі оған өзін-өзі көрсетуге, жеке драмадан аман қалуға немесе өмірдің бос орнын толтыруға көмектесетін әдіс болуы мүмкін.

3. Қолдау көрсетіңіз. «Мен сенің қазір істеп жүрген ісіңді ұнатпаймын, бірақ мен сені әлі де жақсы көремін» – бұл жасөспірімге жеткізу керек негізгі ой. Ол қандай жағдай болмасын, ол сізбен бұл туралы ашық сөйлесе алатынын сезіну керек. Қаншалықты қиын болса да, ата-аналардың балалармен есірткі, оларды қолданудың салдары туралы сөйлесуі өте маңызды. Ата-аналар өз балаларын бәрінен жақсы біледі, ата-ананың ерекше түйсігі (көптеген адамдар бар) ұлдары мен қыздарында болып жатқан ең ескерусіз өзгерістерді сезінуге мүмкіндік береді. Егер бала есірткіні қолданады деп күдіктенсеңіз, онымен дереу сөйлесу керек. Есірткіге балама болу үшін жасөспірімнің қызығушылықтары мен хоббилерін көтермелеңіз, достарына қызығушылық танытыңыз, оларды үйіңізге шақырыңыз. Нәтижесінде сіздің жеке үлгіңіз жасөспірімге ең күшті әсер ететінін есте сақтаңыз. Темекі, алкоголь, есірткі сияқты белгілі бір заттарға өзіңіздің көзқарасыңыз туралы ойланыңыз. Маманға хабарласыңыз. Егер сіз жасөспірімнің нашақорлықты өз бетімен жеңе алмайтынына сенімді болсаңыз және оған көмектесе алмасаңыз, маманға хабарласыңыз. Наркологқа бірден жүгінбей, психолог немесе психотерапевттен бастаған дұрыс. Мәжбүрлеуден аулақ болу маңызды. Қазіргі уақытта нашақорлықты емдеудің әртүрлі тәсілдері бар. Әртүрлі дәрігерлермен кеңесіңіз, сізге сенім ұялататын әдісті және дәрігерді таңдаңыз. Балаңызды құтқару сізден елеулі және ұзақ мерзімді күш-жігерді қажет ететініне дайын болыңыз.

 Жасөспірімдердің ата-аналарына арналған ұсыныстар

1. Жасөспірімнің барлық декларацияларына байыпты қараңыз.

2. Оған тәуелсіздік беріңіз.

3. Жасөспірімнің сыртқы келбетінің кемшіліктеріне үнемі назар аудармаңыз.

4. Балаңыздың достарынан бас тартпауға тырысыңыз.

5. Жасөспірімнің өміріне қызығушылық танытыңыз.

6. Жасөспірімге жеке өмірге орын мен уақыт беріңіз.

7. Жасөспірімнің жеке кеңістігіне оның еркіне қарсы кірмеңіз.

8. Жасөспірімге оны тыңдауға және қолдауға әрқашан дайын екеніңізді көрсетіңіз.

9. Жасөспірімнің максимализміне және оның қатал пікіріне сабырлы болыңыз.

10. Ұлыңыздан (немесе қызыңыздан) қол жеткізгіңіз келетін нәрсені өзіңіз жасаңыз.

Сен – хабарламаМен – хабарлама
Әрі-бері жүре беруіңді қойшы!Сен әрі-бері жүргенде мен алаңдаймын!
Музыканы сөндірші, қанша айтуға болады!Музыка маған жұмыс жасауға кедергі келтіреді.
Маған сөз қайтаруыңды қой!Мен өз тарапыма дөрекі сөз естігенде сөйлескім келмейді және кетіп қалғым келеді.
Үстелді жинап жүр!Маған үстелдің үстінде жуылмаған ыдыс қалғаны ұнамайды.
Жылы киін!Мен сенің денсаулығыңа алаңдаймын!

Баланы бағыттайтын «Сиқырлы сұрақтар»:

1.      Сіз не қалайсыз?

2.      Неліктен бұл сізге керек?

3.      Елестетіп көріңізші, сіз өзіңіз қалаған нәрсені алдыңыз. Сіз бұл туралы не істейсіз? Сіз қанша қуанасыз? Сіз мұны қалайсыз ба?

4.      Неліктен сізде жоқ деп ойлайсыз?

5.      Жағдайдың өзгеруіне не әсер етуі мүмкін?

6.      Сіз не істейсіз?

7.      Сізге және басқаларға қандай салдары болуы мүмкін?

8.      Бұл сіз үшін ең қиын нәрсе не?

9.      Сіз басқасына не ұсынар едіңіз, ол сіздің орныңызда ма?

10.    Сіз білетін ең ақылды адаммен диалогты елестетіп көріңіз. Ол сізге не істеу керектігін айтады?

11.    Мен не істеу керектігін білмеймін. Ал сіз қалай ойлайсыз?

12.    Егер біреу осылай айтса немесе әрекет етсе, сіз не сезінесіз деп ойлайсыз? Содан кейін не істер еді?

13.    Егер сіз осылай жасасаңыз, сіз неден ұтыласыз және неден ұтыласыз?

14.    Не істей алуы керек? Сіз оны қайда және қалай үйренесіз?

15.    Сізге кім және не көмектесе алады?

16.    Сіз мұны қашан бастайсыз?

17.    Бұл жағдайда сіз өз мақсатыңызға жетесіз бе?

18.    Қандай қиындықтар мен кедергілер болуы мүмкін?

19.    Бұл жағдайда не істейсің?

ТЖМ суда қауіпсіздік ережелерін еске салады:

➡️суға түсуге тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
➡️тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды;
➡️қалқымалардан аса жүзуге болмайды;
➡️мас күйінде суға түспеңіз;
➡️су көліктеріне жақын жүзбеңіз;
➡️тәуліктің қараңғы мезгілінде шомылманыз;
➡️балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

🟢Осы шараларды қолдана отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыз!

🚸Жазғы кезеңде су айдындарында балалардың өліміне жол бермеу мақсатында олармен судағы жүріс-тұрыс ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

🫵Балаларды бақылаусыз қалдырмаңыз. Есіңізде болсын! Балалардың өмірі мен денсаулығы сіздің қолыңызда.

🔸Ас үйде пісіп жатқан тамақты қараусыз қалдырмаңыздар;
🔸Плита жанында орамал, қағаз және басқа да тез тұтанатын заттарды ұстамаңыздар;
🔸Электр кабельдерін плитадан алыс орнатыңыздар.

🗣Сіздің қырағылығыңыз өз қауіпсіздігіңіз екенін есте сақтаңыздар.

☎️Өрт кезінде “112” нөмірі бойынша хабарлаңыздар.

🔹шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
🔹тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды;
🔹қалқымалардан аса жүзуге болмайды;
🔹мас күйінде суға түспеңіз;
🔹су көліктеріне жақын жүзбеңіз.

📣ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.

📌 Жолдарда сақ болыңыз!
Қауіпсіздік ережелерін сақтау қозғалыстың барлық қатысушыларының өмірі мен денсаулығын сақтай алатынын есте ұстаған жөн.

☎️Жол көлігінде төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз!

🔸Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз;
🔸Газ беру кранын жабыңыз, электр қуатын өшіріңіз;
🔸Өрттің дамуының бастапқы кезеңінде сіз оны барлық өрт сөндіру құралдарын (өрт сөндіргіштер, төсек жапқыштары, құм, су және т.б.) пайдаланып сөндіруге тырысыңыз;
🔸Ауа ағыны мен өрттің таралуын болдырмау үшін үйіңіздегі барлық есіктерді жабыңыз;
🔸Үйден кетіңіз, осы жағдайда ең қауіпсіз жолмен жүріңіз;
🔸Егер түтін сіздің үйіңізге еніп кеткен болса, еденге жақын болыңыз: ол жерде әрқашан таза ауа болады. Аузыңыз бен мұрныңызды дымқыл орамалмен немесе сүлгімен жабыңыз;
🔸Өрт сөндірушілердің рұқсатынсыз үйге оралмаңыз.