2014 жылдың 17 мамырында өскелең ұрпақтың бойында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, адамгершілік сана мен мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында «Бүгінгі бойжеткен …» тақырыбында дөңгелек үстелі өтті.
Қатысушылар қыздар мен жасөспірімдерден тұратын 2 топқа бөлінді.
Топтар «Құмыра», «Ситуациялық тапсырмалар», «Замануи қыздың этикеті» атты шығармашылық тапсырмаларды орындап, ұсынылған жағдаяттар мен жауаптарды ұжыммен талқылады.
Бұл іс-шара қыздар мен ұлдар арасында сенімді, мейірімді атмосфера құруға ықпал етеді.