12.12.2025 ж. Кітапханада «Бақа-қарға ханшайым» ертегісінің қойылымы өтті. Ізгілікке, мейірімділікке және адамгершілікке тәрбиелейтін бұл әсерлі қойылым «8 минут оқу» жобасының аясында тартымды да көркем түрде ұсынылды. Алғашқы минуттардан-ақ көрермендер сиқыр мен даналыққа, халықтық дәстүрлерге толы ерекше атмосфераға еніп кетті.
Жас орындаушылар үш ағайындының оқиғасын өте шебер жеткізіп, адам бойында болуы тиіс маңызды қасиеттерді – мейірім, төзім, батылдық және дұрыс таңдау жасай білу қабілетін айқын көрсете алды. Әрбір көрініс мағынаға толы болып, жан дүниені тербетті. Сол арқылы көрермендер тек тамашалап қана қоймай, кейіпкерлермен бірге олардың жолын жүріп өткендей әсер алды.
Қойылым көрермендердің жылы пікірлеріне ие болып, терең әсер қалдырды. Ол әдеби шығармалардың адамды шабыттандырып, тәрбиелеп, мәңгілік құндылықтарды еске салатынының жарқын дәлелі болды.
Қамтылуы – 29 студент.
