«Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі»

Астана қаласы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкілі

А. Бимендина  «Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» тақырыбында колледж ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында қазіргі қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік медиа мен интернеттің зиянды әсерінен, зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелері көтерілді.

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың, педагогикалық ұжымның рөлі туралы айтылып, «ата-ана-студент-колледж» үштағанының қарым-қатынасын нығайту, оқу-тәрбие барысына қарқынды енгізіліп жатқан «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жобалар арқылы жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру арқылы құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары қарастырылды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *