2025 жылдың 30 қазанында «8 минут оқу» және «Балалар кітапханасы» жобасы аясында тағылымды шара өткізілді.
Шараның тақырыбы — қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың
шығармашылығы болды. Қатысушылар ақынның туындылары туралы айтып, өз ойларымен бөлісіп, оның әсерлі өлеңдерін оқыды. Шараның атмосферасы ерекше рухани шабытқа толы болды — залда жылулық, қызығушылық пен рухани бірлік сезілді.
Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді және шағын зерттеу жұмыстарын да ұсынды.
Қамтылуы – 45 студент.
