01.12.2025 ж. «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Кітапқұмар» клубының мүшелері қазақ халқының ұлы ағартушысы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш өткізді.
Іс-шараның мақсаты – Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен таныту, оның ағартушылық жолын жас буын арасында насихаттау және балалардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Әдеби кеш барысында клуб мүшелері ағартушының өмірбаяны туралы мәліметтер ұсынып, тәрбиелік мәні зор әңгімелерін оқып, оның шығармаларының қазіргі білім мен тәрбие үдерісіндегі маңызы жайында пікірталас жүргізді. Сондай-ақ қатысушылар қызықты сұрақ-жауап, ойталқы форматында белсенділік танытты.
Іс-шара мазмұнды әрі әсерлі өтті. Әдеби кеш балалардың кітап оқуға деген ынтасын оятып, қазақ әдеби мұрасына деген құрметін арттыруға ықпал етті.
Қамтылуы – 50 студент.
