«Бас иіп, тағзым етеміз!» атты тақырыпта кітапхана сағаты

2024 жылдың 29-ші мамыр күні колледж кітапханасында 1 курс студенттерінің қатысуымен 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жазықсыз жапа шегіп, еліміздің егемендігі жолында жанын құрбан еткен азаматтардың рухына тағзым ету мақсатында «Бас иіп, тағзым етеміз!» атты тақырыпта кітапхана сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттерді жазықсыз жандарды өлімге байлаған сол зұлматты жылдардың ауыртпалығымен, ұлтымызға жасалған үлкен соққымен, тарихымыздың ақтаңдақтарымен және де тәуелсіздік жолында құрбан болған тұлғалардың еңбектерімен таныстыру. Осы орайда1 курс студенттері құрбан болған тұлғалар туралы көптеген мәліметтермен таныстырылып, әрбір студент өз пікірлерін ортаға салып, сұрақтарға жауап берді.
Кітапханашы Д. А. Сурганова миллиондаған адамдар жасамаған қылмыстар үшін негізсіз айыпталған ел тарихының қайғылы беттері туралы айтты. Олардың мейірімділікке, әділдікке, патриотизмге негізделген өмірі еліміздің жас ұрпағы үшін үлгі болып табылады. Қатысушыларға Сталиндік лагерьлердің қасіретін сезінген жазушылар мен ақындардың кітаптары ұсынылды, олардың шығармалары оқылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған