«Бейбітшілік – халықтың тілегі»  тақырыбында кітапхана сағаты өтті

26 сәуір күні «Сервис және туризм колледж» кітапханасында «Бейбітшілік – халықтың тілегі»  тақырыбында кітапхана сағаты өтті. Достық пен өзара түсіністіктің нышанына айналған бұл мереке Қазақстан қоғамындағы біріктіруші факторлардың біріне айналды.  Ол – әркімге де қымбат және миллиондаған азаматтардың жүрегіне жылы сезім ұялататын мереке.

Қазақстан – мәдениеттерінің, тілдері мен дәстүрлерінің әралуандығы басты байлығына айналған, ал азаматтары жасампаздық пен даму идеясы айналасында біріккен ел. 

Біздің республикамыз көпұлтты: қазақтар мен орыстар, украиндар мен белорустар, татарлар мен немістер, корейлер мен поляктар, өзбектер мен ұйғырлар және көптеген басқа барлық ұлт өкілдері 1 мамырды тойлайды.

Кітапхана сағатының мақсаты:Студенттерді  Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.

Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет – ғұрпын сыйлауға үйрету.Іс-шараға ОП-22р, ПО-22р, Тра-22к топ студенттері қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *