2024 жылы «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасының резервисті Барат Ақбота Есбергенқызы өз кәсіби біліктілігін дәлелдеп, үздік көшбасшылар қатарынан орын алды.
2025 жылдың 5 қаңтарынан бастап Барат Ақбота Есбергенқызы Астана қаласы әкімдігінің Сервис және туризм колледжі директорының өндірістік оқу жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ақбота Есбергенқызы – еңбекқор, білім саласында үздік нәтижелерге қол жеткізген маман. Оның білімі мен көшбасшылық қасиеттері колледждің өндірістік оқыту үдерісін жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі деп сенеміз.
Жаңа қызметінде Ақбота Есбергенқызына сәттілік тілейміз