08-09.2025. ж. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында және «Ұшқыр ой алаңы» жобасы шеңберінде студенттер арасында «Білім – ең мықты қару» тақырыбында дебаттық сайыс өткізілді.
Дебат алдымен топішілік деңгейде ұйымдастырылып, үздік пікірсайысшылар іріктеліп, колледжішілік кезеңде өз топтарының намысын қорғады. Сайыс 3 турдан тұрды, онда кәсіби білім беру, жасанды интеллекттің рөлі және сапалы білім мәселелері кеңінен талқыланды.
Іс-шара студенттердің сыни ойлау, шешендік шеберлік және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға ықпал етіп, білім мен пікір еркіндігін насихаттайтын тиімді алаңға айналды
Қамтылуы – 386 студент.